Еркектердің жыныс аурулары. Урологпен видеосұхбат

Сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты, «Уро-мед» медициналық орталығының уролог-сексопатолог дәрігері Сұлтанбеков Қасымхан Әділханұлы жауап берді.
Youtubeтің репутациясын қалыптастырмаған қолданушыға белгілеген лимитіне байланысты видеосұхбат үшке бөлінді. Видеолар монтаждалдалмады. Қаз-қалпында…

Урологқа төмендегі сұрақтар қойылды:
1. Еркектердің жыныс аурулары дегеніміз не? Бұған қандай ауру түрлері жатады? Бұл ауру түрлері адамда қалай пайда болады? Қандай жолдармен жұғады?
3. Белсіздік пен бедеулік дегендер екі түрлі ұғым ба? Айырмашылығы неде? Осы сөздің қайсысы ер және әйел адамға қатысты қолданады?
4. Еш ауру белгілері байқалмаса да өз денінің саулығы үшін жыныс ауруларының түрлеріне алдын-ала тексерілу қалай жүргізіледі? Жалпы диагностикаға не кіреді?
5. Сосын көп инфекциялар анализ тапсырғанда, неге екені белгісіз, еркектерде көрінбейді, бірақ әйелдерде көрініп тұрады. Бұған не себеп? Әйелдердің иммунитеті төмен болғандықтан ба?
6. Спермограмма деген не нәрсе? Оның қорытындысы аналық жұмыртқа жасушасының ұрықтануына қаншалықты әсер етеді?
7. Кеш үйлену зиян ба? Жыныстық қатынасқа түспей, девственник болып жүрудің денсаулыққа залалы қандай? Тұрақты секске түсу уақыты неше жастан басталады? Сосын ерте жастан бастап жыныстық қатынасқа түсудің денсаулыққа кері әсері бар ма? Аптасына неше рет жыныстық қатынасқа түсу қалыпты болып саналады?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. I

8. Еркек қуатын арттыратын, немесе эрекцияны ұзаққа созатын дәрілердің денсаулыққа әсері қалай? Бұл дәрілер зиянды және зиянды емес болып бөлінеді ме? Олар қалай аталады? Мұндай дәрілерді таңдағанда нені ескеру қажет?
8. Халық емдерін жасап жататындар болады ғой. Мысалы, иппотерапия. Жылқыны салт мініп, емделу. Жылқының үстіне жайдақ мініп жүрсе, еркек қуатын арттырады дейді. Бұл қаншалықты рас? Жылқыға жайдақ мінсе, «массаж простаты» болады дейтіндер де бар? Бұл дұрыс па?
9. Төсекте тез бітіріп қоймай, түрлі амалдар жасап, соза түскісі келетіндер болады? Мұның ер адам денсаулығына зияны қандай? Кейде еркек тез бітірмес үшін амалдайды? Сперманың шығып кетпеуіне қарекет жасайды? Соның денсаулыққа, партнершаға кері әсері бар ма?
10. Минет арқылы инфекция жұғады ма? Оралды секс кезінде еркектің жыныстық мүшесіне инфекция берілуі мүмкін бе? Және керісінше, еркектің жыныстық мүшесінен ауыз қуысы арқылы әйелдің денсаулығына қандай да бір ауру беріледі ме?
11. Аналды секстің еркек пен әйел денсаулығына зияны бар ма?
12. Сұрақ-жауап.кз деген сайт бар. Сұрақ қойылады, сәйкесінше жауап беріледі. Жауап болмауы да мүмкін. Сонда мына бір сұрақ қойылған екен. Көп қаралған сұрақтардың бірі, демек көпшілікті мазаландырған сұрақ. Былай дейді: Ер адамдардың жыныс мүшесінен ірің ақса, ол қандай ауру, оны қалай емдейді? Не істеу керек?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. II

10. Ақылы секс қызметін пайдаланғанда нені есте ұстаған жөн? Яғни, жезөкшеге барғанда неден сақтану қажет? Неге мән беру керек? Презерватив таңдағанда бастысы не? Секс кезінде презерватив жыртылған болса, жыртылғаны белгілі болса, онда сол уақытта не амал жасауға болады?
13. Соңғы үш-төрт жыл ішіндегі статистика ерлердің арасында урологиялық-андрологиялық аурулардың кеңінен таралып отырғанын көрсетті? Бұған не себеп?
14. Тамақтану сапасы да еркек қуаттылығына қаншалықты әсер етеді? Қуаты қайтып қалмас үшін не жеп, не ішу керек?
15. Ер адам алдын-ала тексеруден өту үшін, мысалы осы Уро-медке келетін болса, қалтасында қанша ақшасы болуы керек? Алдын-ала тексерудің құны шамамен неше теңге болады? Тексеру қалай жүргізіледі? Неден басталады? Немен аяқталады? Сіздердің орталықтарыңызда қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Еркек денсаулығы» атты кешенді тексерудің ақысы қанша?

Еркектің жыныс аурулары. Урологпен әңгіме. III

Сонымен, бұл видеосұхбатты жасаудағы мақсат не еді? Біріншіден, ер адамдарды ауруын асқындырып алғанша жүре бермей, денсаулығында ешбір сырқат белгілері байқалмаса да, аурудың алдын алу үшін дәрігерге қаралуға шақыру. Екіншіден, уро-андрологиялық ауру түрлерінің барлығында клиникалық белгілер болмайтындықтан, жасырын дамып келе жатқан дерттерді анықтау үшін сәйкес анализдерді тапсыруға тарту. Үшіншіден, ер адамның жұмыстағы, күнделікті жүріп-тұрудағы ширақтығы, еңбек өнімділігі оның сексуалды белсенділігімен тікелей байланысты деген теория — ғылыми ортада қалтқысыз шындық ретінде расталмаса да, түрлі тәжірибелер арқылы дұрыс екендігі айтылып жүр. Ер адамдардың жыныстық қатынасқа жарамай қалуы да олардың еңсесін түсіреді делінеді. Отбасының шырқы бұзылатыны кәдік. Осы себепті де уролог-андролог дәрігерге қаралудың жөн екендігін ұғындыру. Төртіншіден, секс мәдениеті, жыныстық қатынас гигиенасы секілді тақырыптар төңірегінде маманның айтарын көпшілікке жеткізу.

Қазтагта жарияланған мына мәлімдеме ерлер денсаулығына қатысты жағдайдың расында да күрделі екендігін көрсетеді:
Қазақстанда ер адамдардың тек 10 пайызы ғана өз еркімен уролог-дәрігерлерге көрінеді.
Бұл ҚР бас урологы, Жарбосынов атындағы ғылыми урологиялық орталығының бас директоры Мырзакәрім Алшынбаев айтты. ҚазТАГ.
«Ер адамдардың тек 10 пайызы ғана өз еркімен келіп дәрігерлерге көрінеді. Әйелдері қолдарынан жетектеп әкеліп жататын жайттар да жиі кездеседі. Бірде біреуі маған қабылдауға келді де, былай деді: «Мінеки, оның талдамалары, өтінемін, ем жазып беріңізші». Ер адамдардың психологиясын өзгертпейінше, жақсаруымыз екіталай. Әйел адамдар гинекологқа жылына екі рет барады ғой, ұялмайды, және дұрыс жасайды. Ал ер адам урологқа қаралса болды, бәрі бітті – ол әтек. Осы жаман. Дер кезінде дәрігерге көрінгеннен өмір сапасы айтарлықтай жақсарған болар еді. Ер адам қаншалықты сау болса, отбасы да соншалықты бақытты», – деді ол мәслихатында.
Ол былтырорталықта өткен «Ер адам денсаулығы күндері» жобасының аясында 16 қалада 4 мың ер адам және ер балалардың тексерілгенін айтты. Уроандрологиялық патология ер адамдар мен ер балалардың 83,3 пайызынан анықталған.
«Мына сандарға мән беріп қараңыздаршы! Қазақстанда ер адамдардың репродуктив денсаулығын сақтау бойынша мақсатты саясат жоқ. Биыл Шымкентте, Ақтөбеде, Өскеменде, Қарағанды мен Алматыда «Ер адамның денсаулық мектебі» өткізілді, болғаны осы. Оның үстіне екі-үш күн ішінде ғана. Бұл тым аз. Ерлерді сақтау үшін әр жерде ер адам денсаулығы орталықтарын ұйымдастыру керек, және олар жүйелі негізде жұмыс жасаулары қажет», — деді М. Алшынбаев.
Ол соңғы 4 жылда 12 мыңдай әйел адамнан сұралым алынғанын және олардың тең жартысының өз серіктестеріне көңілдері толмайтындығы анықталғанын хабарлады.«Әйелдердің 44 пайызы секспен айына бір рет айналысады. Бұл көршісі іссапарда болғанның өзінде. Міне, сіз күлесіз, ал бұл мүлде күлкілі емес. Бұл – апат», — деп мәлімдеді М. Алшынбаев.

Видеоблогта жарнамалау элементтерін пайдаландым. Қалай болғанын…
Урологтың видеосұхбатқа келісуі — сол медицианалық орталық атауының видеоблогта бірнеше рет айтылу, осы жазбада мекенжайы мен телефон номері жазылу ақысы ретінде есептелді.

«Уро-мед» медициналық орталығының мекенжайы: Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 22а үй («Акбар» аялдамасы) тел: 8(7252)55-06-10

превьюдағы суреттің мекені