Аарон Руссоның айтқандары


Жақында кинотеатрлардан «Время» атты фильм көрсетіле бастады. Оқиға адамдардың өмірі уақытпен өлшенетіні туралы өрбиді. Әлемді билеп отырған Рокфеллерлер жанұсының негізгі жоспары болып табылатын микрочиптің бүкіләлемдік парламенттің елесі осы фильмде анық көрсетілген. Ал мына Ааарон Руссоның айтқандарынан көп нәрсені аңғаруға болады. Кезінде кілеммен ұшудың қиял ғажайыптығы ұшақтардың пайда болуымен түсіндірілсе, демек, қазір қиял- ғажайып сияқты көрінетін чиптік басқарудың жақын арада-ақ іске асу мүмкіндігі өте зор сияқты.
Әрі қарай

Исламды модернизациялауға бола ма?

Ерімбетов деген көкемізді сыйлаушы едім, сырттай. Бірақ сол кісі бүгін бір нәрсені құртты-ай. Абай кз-ға президентпен болған кездесуі туралы сұхбат беріпті. Біраз нәрсені теріпті. Басқасын басқа әңгіме мына сөзі ұнамады.  «Менің ойымша, қазір исламды модернизациялау керек сияқты. Бүгінгі өмірге, жағдайға бейімделу керек. Себебі, исламда көп нәрсе догма. Қатып қалған. Үзілді-кесілді. Бірақ, өмір өзгеріп жатыр. Әрине, әлеуметтік, мәдени, геосаяси жағдай бәрі өзгеріп жатыр. Біздің осындай қағидамыз бар деп қатып қалатын жай жоқ»,-дейді сұхбаттың арасында ағамыз. (http://www.abai.kz/content/nyrlan-erimbetov-nazarbaevka-dauys-beremin-dep-sheshtim) Сонда қалай исламды модернизациялауға бола ма? Бұл Қазақстанның экономикасы емес қой, бағдарлама қабылдап кеп жіберіп, модернизациялап тастайын. Әлде, ол кісі басқа бірдемені гөйтіп отыр ма? «Бұрын қалай болды? Тек қана ислам бізді құтқарады. Ислам бізде жақсылыққа алып барады. Каддафи болсын, басқасы болсын ол құдайдың жердегі өкілі дегендей айтылды ғой. Бірақ, халық қарап отыр»,-дейді ары қарай. Сөзінің астырында Араб елдеріндегі қазіргі лаңға исламның қатып қалған қағидалары кінәлі дегендей бір нәрсе жатыр. Мен бұл кісінің пікірін дұрыс түсінсем, бұл кісі мұсылман емес сияқты. Өйткені исламды модернизациялау тіпті түгелімен құрту қазір АҚШ-та отырып әлемге бұйрық беріп отырған, Араб әлеміндегі бүліктің барлығын ұйымдастырып отырған еврейлердің өмір бойға арманы емес па? Олар Ерімбетовтің сөзін естісе ескерткіш қояды.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/02/%d0%b8%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b-%d0%bc%d0%be%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b8%d0%b7%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bc%d0%b0/
Әрі қарай