Ана - өмірдің шуағы!
 
             
 
«Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес, Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Ана — өмірдің бастауы. Ана — отбасы ұйытқысы. Тіпті, анамыз 10 минутқа сыртқа шығып кетсе, лапылдап жанып жатқан отымыз сөніп қалғандай, үйдің іші қараңғыланып, түнеріп қалады. Ал, анамыз үйдің табалдырығын аттай бастағанда үйге бір жарқ сәуле шашылғандай, бұлттанып бара жатқан аспанымыз кенеттен күн шығарып жібергендей үйдің іші лезде жарқылдап, аппақ моншақтар төгілгендей ғажайып сәулелендіреді. Сондықтан да анамызды ешқашан ренжітпей, көңілге кірбің келтіретін сөздер айтпай, керісінше жылы сөздер айтып масаттандырыңыз. Сонда ғана ананың күлімсіреген, бақытты жүзін көресің. Айналамызға нұрын шашып жүрген аналарымыз аман болсын!!! Әрқашан қадірлеп, сыйлап, қастерлеп өтейік!!!

 
            


 Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым… Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал. Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
 Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
 Керек болса, мінеки, сергіту сәті:
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:
