ел боламын десең

Біздің қазақ халқы – мұсылман, діні – ислам екендігін үнемі Елбасымыз биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдеп-ғұрып, салт дәстүрін, наным сенімдерін жасаған, әрі ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.
Бірақ тарихтан білетініміздей, еліміз 250 жылдан аса Ресей елінің боданында болып, олардың күштеп жүргізілген орыстандыру саясатының зардабын тарттық. Халқымыздың қасиеттеген ислам дінін мансұқтап және 70 жылдай халықтың санасын билеген коммунистік идеологияның атеистік тәрбиесі дінімізді мүлдем жоққа шығарып, мәңгүрт ете жаздаған болатын. Құдайға шүкір қазір еліміз тәуелсіздік алып, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.
Тәуелсіздік алған алғаш жылдарында еліміздегі экономикалық қиындық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси жағдайға көптеген қиындықтар алып келген болатын. Сондықтан елбасымыз «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қағиданы ұстанып, мемлекетті аяғынан тұрғызуға барлық күш жігерін арнаған болатын. Міне осындай өтпелі кезеңде және қабылданған Ата Заңда көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпаған болатын. Осындай жағдайды пайдаланған дәстүрлі емес діни ағымдар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын емін еркін жүргізіп, өздерінің діни сенімдерін елімізде таратқан болатын. Бұл Қазақстан халқының рухани жағдайына үлкен әсерін тигізіп, діни сауаты төмен көптеген қаракөз қандастарымыздың сол діндердің шырмауына кіріп, рухани азғындауына алып келді. Соңғы уақыттарда қоғамда жиілеп кеткен дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне өтіп кеткен адамдардың отбасыларында болып жатқан орны толмас оқиғаларға апарып соғуы үлкен мәселеге алып келді. Экономикалық жағдай тұрақталып, даму жолына түскен еліміздегі мұндай діни алауыздық оқиғалары ұлтаралық татулық, діни толеранттылық, еліміздің біртұтас дамуы жолында кедергі келтіретінін білеміз.
«Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деп Елбасымыз жастарға арнаған әр сөзінде сенім білдіріп отырады. Ол жастар сендер Қазақстанның төл тумасы болып табыласындар.Сендердің ата- аналарың аңсаған тәуелсіз, еркін мемлекеттің ұл қызы болып табыласындар. Сендердің қазіргі таңдағы басты міндеттерің білім алып, ата аналарыңның аттарына кір келтірмей, болашақта армандаған мақсаттарыңа қол жеткізу жолында еңбектену болып табылады. Ал осының орнына сендер жаңағыдай өзге діннің шырмауына кіріп, ата аналарыңмен араздасып, еліміздің сан ғасырдан қалыптасқан салт-дәстүріне қарсы шығып жатсаңдар еліміздің болашағы қандай болмақ?
«Жау жүрек мыңбала» фильмін көрген боларсыңдар. Ата бабаларымыз осындай ұлан байтақ жерді, найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалғанын көруге болады.
Тәуелсіз ел ұландары тәуелсіздіктің қадірін жете түсінбей келе жатқандай болып көрінеді. Қазіргі қоғамда болып жатқан оқиғаларды бағамдай отырып осындай ой түйесін. Жастарымыз рухани азғынданған, тым қатыгезденіп барады. Жастарды қойып, жасөспірімдеріміз арасындағы қылмыс өршіп тұр. Мұның бәрі жас тәуелсіз мемлекетіміздің рухани-әлеуметтік саласына сын болып табылады. Кінәні алыстан іздемей, бірінші өзімізден іздеуіміз керек. Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналарымызда мынадай қағида қалыптасып кеткен: баланы материалдық тұрғыдан қарап, мектепке киімі мен күнделікті тамағын қамтамасыз етіп отырсам болды, қалғанын мектеп және басқа орта тәрбиелеп өсіреді деген сияқты. Міне осыдан келіп көптеген әлеуметтік қайшылықтар туындап отырады, ата-аналар ұстаздарды, ұзтаздар ата-аналарды кінәләп жатады. Екі ортада өскелең ұрпақ зардабын тартады. Жиырма бірінші ғасырға келіп адам психологиясы өзгеріп, жаңғырудың жаңа сатысына өтті. Еліміз өтпелі кезең қиыншылықтарымен қатар сананың да өтпелі кезең үдерістерін басынан кешіруде. Адам санасының өзгергенінің белгісі деп қазір кез келген адамның жеке басының құндылықтарын, ой-пікірін, тәлім-тәрбие, санасы мен өресіні, оның дүниеанымдық көзқарасына орай жеке мүддесіне сай әрекетке көшуін айтумызға болады. Басым көпшілігімізде эгоизм, эгоистік көзқарас жоғары тұр. Эгоизм басым болған жерде адамгершілік, көпшілдік, қоғамшылдық туралы пікірлердің әлсіз болатыны түсінікті жағдай. Эгоистік көзқарастың басымдығынан қоғамда орын алып жатқан оқиғалардың түп-негізін байқауға болады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деген М. Әуезовтың ұлағатты сөзі бар. Қазақ халқының даналық сөздер қорында осы сияқты тағылымды сөздер көптеп сақталған. Осы ұлағатты сөздерді жасөспірімдеріміздің санасына сіңіріп өсірсек, «сабақты ине сәтімен» дегендей, сәтімен түсіндіре білсек, еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін, ұлжанды азаматтарды көптеп тәрбиелеген болар едік. Қоғамдағы әлеуметтік-рухани ахуалға баға бере отыра кінәні біржақты жастар мен жасөспірімдерге арта бермеуіміз керек. Жас ұрпақ жас отырғызылған шыбық секілді, оны қалай иісең солай қарай өседі, яғни жас кезінде қандай тәлім-тәрбие көрсе, өскенде солай қарай бет бұрмақ.
Әрі қарай

Секталардан, діни миссионерлер сақ болайык ағайындар!

Өзге дінге ілеспеңдер. Намазға келіңдер. Мына дүние бес күндік жалған. Ертең ана дүниеге барғанда әр істерің үшін жауап бересіңдер. Күн ыстық, денсаулығым жарамайды, әлі жаспыз деген сылтауды қойыңдар, ораза ұстаңдар. Оразаның сауабы мол, бауырлар!





Әрі қарай