Сол өзі өліп қалған жоқ па?

Сейіл АяғановАрқада алты шекті гитарадан күй төгілткен, әуезінің өрнегі өзге Сейіл Аяғанов атты әнші бар. Секең өнер адамы болған соң халықтың ортасына жиі шығады. Ағадыр деген елдімекендегі жүзден асқан Исатай деген ақсақалдың үйінде құрметті мейман болады. Шай ішіп жайланған соң Секең қарияға: «Исеке ана жылы бір балаңыздың алпыс жылдық мерейтойына кеп едім ғой»,-деп әңгіме бастайды. Сонда ақсақал: «Сол балам көрінбей кетті, өліп қалған ғой деймін»,-деп әншіні шалқасынан түсіріпті.
Әрі қарай