Ғаламтор пайдалыма әлде зиянба?

Қазіргі таңда ғаламтор желісінде отыратын адамдардың санына шектеу жоқ. Балалар да, жас өспірімдер сонымен қатар үлкен кісілер де отырады. Әрине бұл жақсы, бірақ адамдар өздерінің санаулы уақыттарын қалай өткізіп алғандарын білмей жатады.
Интернеттің жақсы да, жаман да жақтары бар, яғни пайдасы да, зияны да. Қазіргі дамыған заманда бұл әдет, яғни интернетті жиі қолдану. Ал енді пайдасы мен зиянына терең тоқталсақ. Ең алдымен пайдасын айтатын болсам: білмей тұрған затты тез арада тауып аласың, көптеген деректерді білесің, алыстағы адамдармен байланысқа оңай түсе аласың. Сонымен қатар осы арқылы ақша да тауып жатады. Зиянына келетін болсақ асыл уақытының көбісі қалай кеткенің байқамай қаласың, яғни пайдасыз нәрселерге, зиянды сайттарға алданып, өздеріне қол жұмсауға дейін барып қалады, бұл өте жаман. Кейбір адамдар осы интернет арқылы көптеген пайдалы дәрістер алып жатады. Бірақ қазіргі таңда, ғаламторда көп адамдар босқа отырады.
Қорыта айтқанда ғаламторды тек жақсы жағынан ғана қолданайық. Алтындай қымбат уақытымызды зая кетіріп алмайық.

Ғалымдар: Жөтелге қарсы шәрбат бала денсаулығына қауіпті

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі: жұмыртқаны көп жеу – қандағы холестеринді көбейтпейді, кофені көп ішетін адам қатерлі ісікке шалдықпайтын көрінеді.

Әрбір жанды мазалайтын ең танымал сұрақтарға ғалымдардың жауабы күткеннен мүлде басқа. Денсаулыққа келгенде бұл сұрақтар әрбірімізді мазалайтыны жасырын емес… Айтыла беретін жаттанды сауалдардың жауабына ғалымдар осылайша нүкте қойған тәрізді. Әрине, ғылымда жаңалықтар ашылып жатыр және әлі де ашыла береді. Бұл күні бүгінге дейінгі денсаулық мәселесінде туындайтын ең кең тараған сауалдарға ғалымдардың берген жауабы.

Қант – жоғары белсенділіктің себебі ме?
Жауап: ЖОҚ.

Тағамдағы бояғыш заттар мен қоспалардың әсері бар, бірақ олар зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромын туындатпайды. Бұл туралы миф 1970 жылдары Америка педиатрия академиясына бір дәрігердің хабарлауы нәтижесінде пайда болған. Ол өзінің бақылауында қанттың гипербелсенділікті арттыратынын кездескенін айтқан. Бірақ зерттеу керісінше нәтиже көрсетті: 1995 жылы қантқа мета-анализ зерттеуін жасағанда, балалардың әрекеті мен конгинивті қабілетіне әсер етпейтіні анықталған. Жөтелге қарсы шәрбат әсер ете ме?
Жауап: ЖОҚ.

Бұл жауаппен көптеген дәрігерлер де келіседі. 2014 жылы австралиялық зерттеушілер шәрбаттардың құрамында кодеин мен антигистаминді дәрі-дәрмектердің өте аз мөлшері бар әрі ол балалар үшін қауіпті болуы мүмкін екендігін жариялады. Нәрестенің арқасындағы «ТІКЕНЕК»: Ол не? Қалай білінеді? Қалай алуға болады? Зәйтүн майы жүрек ауруларына қарсы тұра ала ма?
Жауап: ИӘ.

Ғалымдар зәйтүн майын тұтыну мен жүректің ишемиялық ауруларының асқынуы төмендеуі арасында байланыс барын анықтады. Газдалған тәтті сусын диабеттің себебі бола ала ма?
Жауап: ИӘ.

Тәтті сусындарды ішу қант диабетінің екінші дәрежесінің асқынуымен байланысты. Сәйкесінше, зерттеу қорытындысы осылай дейді. Газдалған тәтті сусынның күніне екі үлесін ішкендер айына бір үлеске кем ішкендерге қарағанда қант диабетінің екінші типіне шалдығу тәуекелі 26%-ға артық екені белгілі болған. Күннен қорғайтын кремдердің SPF 30-дан артық әсері бар түрі қажет пе?
Жауап: ЖОҚ.

Күннен қорғайтын SPF 15, 30 немесе 50 әсері бар кремдердің айырмашылығы анау айтқандай емес. SPF 15 әсері 95% ультракүлгін сәлелерден қорғаса, SPF 30 — 97%, ал SPF 50-дің әсері 98%-ке дейін ғана. Натрий глутаматы басты ауырта ма?
Жауап: ЖОҚ.

Натрий глутаматы – тәтті тағамдық қоспа емес. Кейбір тұтынушылар оның басты ауыртатын және ұлпалардың ұюы әсерін тудыратынын айтады. Бірақ ғылымда оның мұндай әсер беретіні анықталмаған. Жаңғақты көп жеу семірте ме?
Жауап: ЖОҚ.

Бадам жаңғағын күніне килограмдап жесеңіз де артық салмақ қостырмайды. Бір кесе бадам жаңғағында 3,4 г ғана қаныққан май бар. Одан басқа құрамы нашар холестеринді төмендететін басқа да пайдалы заттарға бай. Сондай-ақ, жүрекке пайдалы омега-3 май қышқылы, ақуыз бен жасұнық мол. Осылайша жаңғақтың семіртпейтіні, бірақ құрамына байланысты оны аздан жеу керектігі белгілі болған. Жаяу жүру жаттығу залындағы нәтижені бере ме?
Жауап: ИӘ.

Қандай нәтиже керектігі әркімнің өзіне байланысты. Егер адамға сау жүрек қажет болса, онда айырмашылығы жоқ. Артық салмақтан арылу үшін артық энергия жұмсайтын жаттығулар керек, әрине. Жеміс шырынын ішу жемісті жегенмен бірдей пайдалы ма?
Жауап: ЖОҚ.

Шырынды таңдасаңыз, жемістің қабығы мен жұмсақ етінде болатын талшықтарды қабылдамайсыз. Ал олардың қажеттілігі шырыннан да жоғары. Кофе қатерлі ісікті тудыра ма?
Жауап: ЖОҚ.

2016 жылдың маусым айында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қатерлі ісікті зерттеудің Халықаралық агенттігі кофенің канцерогенді әсерін дәлелдейтін ешбір дәйек таппады. Тек ыстық сусынның ғана өңеш қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін анықтаған. Аурудың бұл түрі көп кездесе бермейді. Одан бөлек, аталған агенттік кофенің бауыр қатерлі ісігі мен жатыр эндометриясына шалдығу тәуекелін азайтатындығын анықтады. Жұмыртқаны көп жеу қандағы холестеринді көбейте ме?
Жауап: ЖОҚ.

Жұмыртқа қосылған тағамдарды жақсы көретіндердің қуануына болады: бұл тағам қандағы холестериннің артуына мүлде әсер етпейді. Жұмыртқаның өзінде холестерин мол болғанымен жеген соң қанның құрамына әсер ете алмайды екен. Артық ішілген судың зияны бар ма?
Жауап: ИӘ.

Егер суды қажеттіден артық ішсеңіз, бүйрегіңіз оны өңдеп үлгере алмайды. Бұл судың құрамындағы минералдардың қан құрамына араласуына әкеп соғады. Содан барып натрий мөлшері тым төмендеп, осынау жағдай гипонатриемия дегенге ұласады. КӨК ШАЙДЫ варикозы бар жандарға ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ Йогурт ас қорытуды жеңілдете ме?
Жауап: ИӘ.

Пайдалы бактерияларға бай йогуртты жеу – өте жақсы. Біздің ішектерімізге микроағзалар өте қажет. Асқорыту мүшелерінде болатын бактериялар астың сіңірілуінде жоғары рөл ойнайды. Олардың санын йогуртта болатын бактериялармен арттысаңыз, ішек бұрынғыдан жа жақсы жұмыс істейтін болады. Бірақ дүкенде сатылатын йогурттардың басым бөлігінде пайдалы бактериялардың өте аз болатынын да ұмытпаған жөн. Ағартатын тіс пастасы кәдімгі пастадан қарағанда тісті жарқырата ма?
Жауап: ЖОҚ.

Тіс пастасындағы затбелгінің барлығы атауына сәйкес келе бермейді. Тісті тереңнен тазартып, ағарту үшін стоматолог қажет. Одан өзге, ағартатын пасталардың құрамында токсинді заттардың болатынын ұмытпаған жөн. Микротолқынды пеште пластик ыдыспен ас жылыту қауіпсіз бе?
Жауап: ИӘ.

Бірақ, әрине, ыдыс микротолқынды пеште қолдануға лайықты жасалған болса. 2014 жылғы зерттеу нәтижесі пластик ыдыстардың құрамында болатын фталаттар (ыдысты майысқақ ететін) канцерогенді болуы мүмкін екенін көрсеткен. Микротолқынды пеш үшін қолданатын ыдыс құрамында мұндай заттар болмауы тиіс. Теледидар көздің көруін нашарлата ма? Жауап: ЖОҚ.

Америкалық офтальмология акакдемиясының мәліметінше, сұйықкристалды экрандардың көздің көру қабілетіне әсер етпейтін көрінеді. Бұл миф 1960 жылдары теледидарлардың дұрыс жасалмағандығынан пайда болған (анықталған сәтте ондай теледидарлар өндірістен алынып тасталған). Егер теледидар немесе басқа да экранға қарағанда көзіңіз ауырса, демек, тынығу керек деген сөз. Бөтелкедегі су құбырдағыға қарағанда пайдалы ма?
Жауап: Жоқ.

Егер сіз ауызсуы ішуге жарамсыз деп табылған аймақта тұратын болсаңыз, онда әңгіме басқа. Керісінше жағдайда бөтелкедегі су мен құбырдағы судың айырмасы жоқ.

Дереккөз: fb.ru Дайындаған: Қ.Сауран, ERNUR.KZ

Астана халқының 95% электронды денсаулық құжаты бар

Медициналық құжаттардың 70 пайызы цифрланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың баспасөз мәслихатында «Smart медицина» жобасының қалай жүзеге асып жатқанын айтты.

«Жоба сәуір айында басталды, осы аралықта біз медициналық құжаттарды цифрландыру бойынша көп жұмыс атқардық. Астана халқының және қонақтарының 95 %-ның электронды денсаулық паспорты бар. Осылайша біз уақыт өте келе дәрігерді қағазбастылықтан құтқарамыз. Жобамен медициналық құжаттардың 70 түрі цифрланды. Кей журналдарды және сыртқат тарихын, амбулаторлы карталарды алып тастадық. Бұл дәрігерлердің науқасқа көп көңіл бөлуіне мүмкіндік берді», — деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Осы жоба аясында мобильді қосымша іске қосылады, ол арқылы науқас өзінің мәліметтерін және дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Одан бөлек жуықта «Жедел жәрдем үшін жасыл жол» аты пилоттық жоба іске қосылды, ол арқылы жедел жәрдем жүргізушісі шақыртуға кешігіп бара жатса көлікте орнатылған бастырма арқылы бағдаршамның жасыл түсін қоса алады.

«Мәлімет бойынша сырқат жанға жету 20-25 пайызға қысқарып жатыр, яғни адам өмірін сақтап қалудың мүмкіндігі арта түсті деген сөз», — деді Қамалжан Надыров.

«Жасыл жол» — Астана әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жобасы.

ББҚ ішесіз бе?

Мен үшін «Я» деушілер екіге бөлінеді:
1. Сетевиктер
2. Өзіне, денсаулығына тиянақты адамдар (медиктер, диетадағылар, спортсмендер т.б. таңдап, талғап жүреді)
«Жоқ» деушілер де:
1. Зиян, қауіпті, қымбат дейтін тобыр
2. Дәріханадағы өнімнің біразының, жеке «аптечкасындағы» препараттың көбінің сыртындағы «ББҚ дәрілік құрал болып табылмайды» дегенді байқамай жүргендер
«Ол не?» деушілер бөлінбейді )
P.S. Кей елдерде жұмысқа тұруға үміткерлерден «ББҚ ішесіз бе?» деп сұрайды екен тіпті…
Әрі қарай

Ауызашар берудің пайдалары қандай?

Блог - Pokemon: Ауызашар берудің пайдалары қандай?
Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі« дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады«, – деп жауап береді (Бәйһақи).

Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген.

Міне, бұл хадистерден байқағанымыздай, ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны.
Әрі қарай

Қандай сүтті алған жөн? Сынақ пен Сапа



Өткен аптаның бос уақыты Қазақстанның сүт нарығында үлесі көп брендтердің сапасын зерттеп, түсіруге арналды. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан белгілі өнімдердің сапасы қандай? Сүт сатып аларда неге көңіл бөлгеніңіз жөн? Біліп жүріңіз.
Әрі қарай

Ұялы телефонның адам өміріне әсері

Бұл постым ұялы телефон жайлы болмақ. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін құлақтарына телефон тосып, күндіз-түні тыным таппай сөйлесумен әлек. Бұрын тек қалталы адамдардан ғана көретін болсақ, ал қазір әрқайсысының қолында кемінде екі ұялы телефоннан, тіпті кішкентай сәбилердің өзі қолдарынан ойыншық секілді тастамайды. Қарап отырсақ телефонсыз күніміз жоқ сияқты. Жатсақ та, тұрсақ та, отырсақ та қолымыздан телефонды тастамаймыз. Рас, оның ішінде бізге керекті мәліметтің барлығы бар. Мәселен: күнтізбе, есептеуіш, сағат, суретке түсу, ұнаған әніңді көшіру, тыңдау және т.б. Осы кішкентай заттың көмегінсіз еш нәрсе шеше алмайтын сияқтымыз. Тіпті, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ телефон арқылы тауып аласың. Ұялы телефонның пайдасы да, зияны да бар. Алайда, қаншалықты адам өміріне зиян екенін біле бермейміз. Америкалық мамандардың зерттеген мәліметі бойынша мынандай ақпаратқа көзім жетті.
1. Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды, танымдық көз-қарасы төмендейді. Ашушаң болып келеді, тез шаршап, жүйкесі құриды. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
2. Адамдар пойызда, қоғамдық көлікте, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл дегеніміз адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Мұның соңы мидағы қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Айтайын дегенім, күндіз-түні ұялы телефонмен жүрудің қажеті жоқ. Керек мәліметіңді көргеннен кейін телефонды көз алдынан ысырып қойған абзал. Керісінше, кітап оқып, серуендеп, уақытынды тиімді өткізіп, айналаңдағы адамдарға көңіл бөлгенің жөн. Және де телефонмен сөйлесетін кезде құлаққап (наушник) тағып алған дұрыс екен. Егер де денсаулықтарыңыз бірінші орында тұрса, жазған мәліметімнен ой түйесіздер деп ойлаймын.
Әрі қарай

Пайдалы кеңес

Дәруменнің қай түрі сіздің ағзанызға жетіспейді
1) А витамині
Жетіспеушілік салдары:
— бетіңізге безеу (прыщи) жиі шықса;
— асқа деген тәбетіңіздің төмендеуі;
— уақыт өте көзіңіздің нашар көруі;
— тұмаумен жиі ауырсаңыз.
Не істеу керек: Өз рационынызға сары-қызғылт жемістер мен көкеністерді, скумбрия және басқа да майлы балық; май, сүт өнімдерін қосыңыз.
Күнделікті мөлшері: 1000 мкг.
2) В витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ұйқысыздық;
— бас ауруы;
— іш ауруы;
— депрессия;
— қайызғақ пайда болу;
— ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Не істеу керек: ұннан жасалған тағамдар; көкеністер мен жаңғақтар жеу қажет. В12 дәрумені сиыр етінде (шошқа еті), сүтте; В3 тауық етінде, балықта, бұршақ пен бидай жармасында көп кездеседі.
Күнделікті мөлшері: В1-1,5 мг; В2-1,3 мг; В5-4-7 мг; В6-1,6 мг; В12-2 мг.
3) С витамині
Жетіспеушілік салдары:
— тез шаршау;
— темекі шегу;
— диета ұстасанызда артық салмақ қосу;
— тырнап алған жеріңіз ұзақ уақыт жазылмайды.
Не істеу керек: цитрусты жемістер ( аллергиясы барлар жемегені дұрыс), киви, брокколи, шпинат, сироп және итмұрын тұндырмасы.
Күнделікті мөлшері: 60 мг.
4) D витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ашуланшақтық;
— тістің бүлінуі;
— буын қақсау.
Не істеу керек: жиі серуенге шығу; жұмыртқаның сарысы, бауыр және теңіз өнімдерін жеу қажет.
Күнделікті мөлшері: 2,5 мкг.
5) К витамині
Жетіспеушілік салдары:
— ұзақ уақыт бойы қанның тоқтамауы (кесіп алған жағдайда);
— қант диабет белгілерінің пайда болуы.
Не істеу керек: газдалған сусындардан бас тарту; шпинат, салат және брюссель қырыққабатымен мәзіріңізді толықтыру. Сондай-ақ зәйтүн майында, кейбір жемістерде (банан, авокадо, киви), жармада осы дәрумен түрі кездеседі.
Күнделікті мөлшері: 60-140 мкг.
6) U витамині:
Жетіспеушілік салдары:
— тамақтан соң қыжылдың (изжога) пайда болуы;
— асқазанның жиі ауруы;
— күнделікті жеп жүрген тағамға аллергия пайда болу.
Не істеу керек: тәтті бұрыш, пияз, банан жеу қажет. Сондай-ақ жаңа піскен қызанақ, желкек (петрушка), балдыркок (сельдерей), шалқан (репка), қырыққабат (капуста).
Күнделікті мөлшері: 100-300 мг.
Пы.Сы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Сол себептен де дәрумендерді жиі қабылдап, денсаулықтарыңызды жақсылап күтіңіздер. " Дені саудың жаны сау" деп бекер айтпаған.
Әрі қарай

Ойға дым келмеді

Армысыздар! Көптен бері ештеңе жазбай, онда-санда кіріп кететін қонақтардың қатарын толтырып кеткендеймін. Ұят! Сол себепті бұл жағдайды, қара қыз, қолға алуы тиіс. Ендеше мен не істедім? деген сұрақтың түп-тамырын бір қозғап жіберейік!
Блог - DinaAbdigalieva: Ойға дым келмеді
2016 жылды отбасымен бірге қарсы алып, сыныптастарыммен кездестім. Сол күні алғаш рет үлкен төбелесті көрдік! Көпшіліктің жануардан еш айырмашылы жоқтығын да байқауға болады. "Ішкіштердің де"…
Блог - DinaAbdigalieva: Ойға дым келмеді
Жазда бостан-бос жатпау үшін «официантка» болып жұмыс істедім. Бұл да өмірдің бір сабағы сияқты. Кешегі қыдырыстан шаршап, түске дейін ұйықтап жатқаным сол еді, анам баяғы жерге жұмысқа шақырғаның айтты. Қуанып кеттім. Бәрібір қысқы демалыста диванда жатқаннан гөрі еңбектенгенім жөн емес пе?! Сөйтіп, 2016 жылдың 1 қаңтары осылай бастауын алды.
Блог - DinaAbdigalieva: Ойға дым келмеді
16.01.2016 ж. Қалаға қайтар күн жақындады. Пысықсынып, неше түрлі тәттілерді істедім. Бірақ сол күні тілсіз жаумен бетпе-бет кездестім. Пеште тұрған майым қызып кетіп, үлкен отқа айналды. Қайта, үйдің іші, жиһаздар аман қалды. Бір сөзбен айтқанда «керек кезде, керек уақытта» табылғаным жақсы болды. Әлі күнге дейін отты көрсем, бір түрлі сезім бойымды баурап алады. Қорқыныш.
Блог - DinaAbdigalieva: Ойға дым келмеді
Содан, содан сабақ басталды. Қаладағы күйбең тіршілікке бірақ сүңгідік. Иммунитет әлсіреп, 2 жұма күрс-күрс жөтеліп, 3 жұмада аяқтан шалды. Төсектен бас алмай жаттым. Міне, бүгін тәуір болғаным. Қазіргі тұмаудың өзі қорқынышты тамақтан бірақ алады. Шамамен бір айдай сарымсақпен дос болдық қой.:) Ауырмаңыздар! Ауырған адам ешкімге керексіз болып қалады екен. Жақындарым аман болсыншы! Осылай енді… «ойға дым келмей» сіздерге ұрыншақ қыздың бейнесінде өзімді таныстырдым.;)
Әрі қарай