Қарбыз көктем

Бесінші сыныпта оқимын. Мен ес білгеннен бері мақта егіп келген көкем 2002 жылы шала бүлінді. Ақпанда базардан орамадағы пленка мен қалбырдағы тұқым сатып әкелді. Орама пленканың салмағы 15-20 келі тартса, қалбыр ішінде 10000 дана тұқым бар. Сондағысы, под пленка қарбыз өсірмек… Под пленка деген сөзді түсінгенім болмаса, оның астында қарбыз қалай өсіретінін елестете де алмадым.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Көктемді күттім. Наурызды өткеріп болған соң, үйден 100 метр қашықтағы жарты гектар жер жыртылды. Тырма жүргізіліп, жүйек салынды.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ауылдағы под пленка қарбыз егетін аз диханның бірі біздің үй болғандықтан, ет жақынды шақырып, жүйектің жалына тұқым салатын ұя қазып, әр ұяға қарбыздың екі тұқымынан тастап, үстін бір уыс топырақпен жауып, жүйек бойлата ұзынынан пленка жүргізіп, жарты гектар жерді екі күнде еңсердік. Шашым тікірейіп, қазандай басымды көтеріп, көптің арасында мен де жүрдім. Сәуір осылай басталды.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Арада 4 күн өткенде алғашқы өскіндер топырақты жарып шығып көріне бастады. Буланған пленканы шертіп жіберіп, шағылысқан күн сәулесін қолмен қалқалап, ұяшыққа үңілемін. Жап-жасыл өскіндер қылтиып тұрады. Көңілді қуаныш кернейді. Осы өскіндерден енді бір сексен күннен кейін салмағы 15-20 келі қарбыз пайда болатынына сенгің келмейді. Бірақ, болатыны анық…

Күннің көзі қыза түскен сайын, жер мен көкті бөліп тұрған пленка да топырақтың температурасын жандыра түседі. Өскін шыққан соң, апта уақыт өткенде суғаратын мезгіл де жетеді. Бас арықтың бойымен әр жүйекке су жайлап, пленка үстімен заулаған суға қарап, мәз-мейрам боламын. Пленканы әр екі метр сайын ағашпен тесіп шығып, суды жерге өткіземіз. Өскіндерге екі апта уақыт болғанда, ұзындығы бір метрлік ағаштың басына екі жүзді ұстараны байлап, әр ұяшықты бір-бірлеп тіліп шығасың. Қиындығы жоқ. Тесу мен тілу маған жүктелді.

Бірінші су беріліп, пленка тілініп, күннің көзі жерді жандыра түскен сайын, өскіндер де жапырақ шығарып, ұясына сыймауға айналады. Тілімдерді қолмен кеңейтіп, тағы да суғарды. Өскіндер жыртылған пленкадан қылтиып сыртқа шыға бастаған уақытта Құралайдың желі соғып, жаңбыр нөсерлетіп өтеді. Осыны күткендей-ақ, жер кебісімен, әр ұяшықтағы екі өскіннің әлсізін қайшымен кесіп алып тастайды. Мұны да мен орындадым. Артынша әр ұяшықтағы іріктеуден аман қалған өскіннің түбіне топырақ үйіп, пленкасын бастырып шығады. Бұл қарекетті ауылдастарды шақыртып ақыға істетті.

Өскіндердің жапырақ саны көбейіп, бес-алты құлақ болған кезде аммиак селитрасы беріледі. Ұяшықтағы өскінге бір қарыс жеткізбей үшкір сүйменмен жерді тесті. Тесіктерге бір ас қасық аммиак селитрасын құйды. Суғарды. Ересектер атқаратын шаруа. Тамырына азот барып, қуат алған өскіндер жайқала түсті. Пәлек жайып, бір жағына құлады. Гүлдеп, түйнек байлады. 25-мамыр келіп, оқу жылы аяқталып, мен алтыншы сыныпқа көштім. Бұл 2002 жылдың көктемі болатын.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Бүгінде...
Біз қарбыз еккен жылдан кейін Қаражантақтың тұрғындары мақтаны қойып, бірте-бірте қарбызға көше бастады. Қарбыз өсіру тек күнкөріс көзіне емес, кәсіпке айналып шыға келді. Қарбыз өсірмеу — ауылдан бөлектену деп қабылданатын болды. Жер жыртылып, тұқым топыраққа түсіп, қарбыз пісіп, камаздарға артылып, сатуға жөнелткенге дейін ауылдастарымның жатса да, тұрса да айтатыны тек қана қарбыздың жайы. Қолына кетпен ұстай алатынының барлығы наурыздан шілдеге дейін поляда.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Қаражантақтың жері қарбыз өсіруге қолайлы. Бас-аяғы 2 мың гектарға жуық аумақта қарбыз өсіріледі. Сырттан келіп, Қаражантақтың жерінде қарбыз өсіріп жатқан жұртшылық қаншама…
Бүгінде қарап отырсам, осыған дейінгі өмірімнің жеті көктемі «пленканы аяғыммен басып кетпейін, тесіп алып жүрмейін» деп қауіп етумен, жүйектен-жүйекке аттаумен өтіпті.

Дерек:
Қаражантақ елдімекені — Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Көксарай су қоймасы мен Бөген су қоймасының ортасында орналасқан. Ауылда 100-ге жетер-жетпес түтін бар.
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем

Ауылдың жанынан Арыс-Түркістан каналы өтеді. Егістікке қажетті суды осы Арыс-Түркістан каналынан алады.
1967 жылы пайдалануға берілген каналдың жалпы ұзындығы — 194 км. Канал — Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетінен басталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы — 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы — 145 км- ге жуық,
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Ал сол кезде...: Қарбыз көктем
Әрі қарай