Мен газетке шықтым!
Әңгіме мен жайлы емес, әңгіме менің бір ауылдасым жайлы)))) Еркек пе әйел ме, жас па кәрі ме ол жағын айтпай-ақ қояйын. Ол кезде мен әпкемнің үйінде тұратынмын. Шәй ішіп отырғанбыз,әлгі ауылдасымыз кіріп келді. Қолында гәзиті бар. Өзі сондай қуанышты. Амандасқан-амандаспағанын ұмытып қалыппын. Әйтеуір,
-Мен газетке шықтым!-деп мақтанышпен айтқаны есімде. Өзі әрненің басын шалып сауда-саттықта жүруші еді. Бір тілші мақтап жазған болар деп ойладым.Қолыма ұсынған газеттен іздегенімді тез тапсын деді ме ауылдасым курсор саусағымен көрсетіп жіберді. Сөйтсем, «Пәленше Түгеншенің мына жылы берілген мынандай нөмірлі куәлігі жарамсыз деп танылсын» деген жазудағы өз атын мақтаныш көріп жүр екен бұ қазақ))))
Әрі қарай