Газет тұрмыста

Блог - afrodita: Газет тұрмыста
Иә, газеттің дәурені өтіп барады бүгінде апталық газет күтпейсің, бір түймені бассаң бітті ғаламтордан не керек соған қанық боласың.
Бірақ газеттің өз оқырманы бар, олар әлі де жылдап жазылып, әлі де әр санын түптеп жинайды.
Осы газеттерді тек оқып қоймай күнделікті тұрмыстың біраз қажеттілігін жаратуға болады. Соның біздің ауылдағы көрнісі.
— Газет поштадан келіп оқылады, обедтте не кешкі шәй үстінде талқыланады. Бұл барлық жерге тән. Кей үйлер болады газетті нөмірлеп жинайтын бірақ қазір сиреп барады. Кей адамдар керек деген жерін қиып алып жинайды (мен сияқтылар ғо)
— Бейсенбіде келіп оқылған газет сенбі-жексенбіде апаммен және атаммен еріп (менде ата жоқ көргенім ғо) той-садақаға кетеді. Апам тойға газетпен көйлек-жаулық орап апарады (сол үйге берілетін сый), ал шалдар(аталар) түкіргіш ретінде пайдаланады (қандай түкіргіш екенін іштерің біліп отырғо).
— Сол той-садақаға келетін халық көп етке дастархан жетпей әбігер боп жатады сондайда тағыда көмекке газет келеді. 4-5 адамға бір табақ жасалғанда дастарханның жетіспеуі сірә заңдылық, ондайда сірә ешкім ешкімді сынамайды бір газетті жайып айнала кетеді. Газет жарықтық май алғыш қо сол жерде газет(қазіргі салфеткі негізі бізің ауылдан шыққан ғо) май орамал қызметін атқарып кетеді.
— Газет деген терезені, айнаның бетін тазалауға таптырмас құрал. Бұнымен сүрткенде барғо енді шиқ-шиқ етіп айнаны айнадай қылады (өз тәжірибемнен). Жасап көргендер бар шығар жасамасаңдар жасап көріңдер. Сосын бұрында ауылда свет сөніп қалғанда шам жағамыз ғо соның ішіне тазалайтынбыз. Кә, свет сөнбейді, шамдар мұражайда.
— Жазда енді көп керек бұл газет үйді қараңғылау үшін. Әжем осы кезде ұрсатын «неге қараңғылайсыңдар, ертең мәңгі қараңғылыққа кетесіңдер» деп. Бұл қараңғылық күз түскен ашылады күзде бәрін жинап аласың сап-сары қылып сосын жағ жібересің.
Қазір ондай жоққо, бірақ мен бірінші сыныпта жүргенде оған дейінгі оқушылардың оқулықтарын осы газетпен қаптағанын көргенмін. «Жас алаш» не «Егемен» дегеннің үстіне «Ана тілі» деп жазып алып жүретін. Кә, бұл да жоқ бала кезімде болды сіздерге де таныс шығар о, кезде қазіргідей «Жын(джин)» жоқ. Шемішкіні ұстақандап сатады (бір стакан 5 теңге) соныда газетке орап беретін.
Газет сосын қозы қуырдақ жегенде көп керек, сүйек орайсың, қол сүртесің майды жақсы алады. Негізі газет көп қызмет атқарады әжелердің қалтасында жүреді немересінің танауы үшін, аяқ киім су болса маңдайына сол газетті тығып сорықтырып аламыз. Әжетханадағы орны тұрақты ғо сірә.
Біздің ауылдың шалдары да айтқыш қо, «Жас алаш», «Егемен» сияқты газеттердің нәндігі туралы « бұл газеттердің басын оқып жатсаң, төменгі жағына ешкі тойып алады» деп жүретін.
Газет оқиқ десем күлесіңдер ғо, бірақ кітап пен газетті қолға ұстап оқығанның жөні бөлекқо(газетті оқып жатып ұнаған жерін сызып кетіп, кітапты келген жеріңнен қайырып кету туу, күшті ғо) мониторға қарап бажырайғаннан.
Әрі қарай