Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.