Бір көзді Ана...

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде: «Мені осылай ұялқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Оған одан әрі шыдай алмас едім, қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы көрмеген мені көру үшін Сингапурға келді. Балаларым оны көріп күле бастады.
Әрі қарай