Су моншақ не үшін?

«Бисер тоқу»-ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Себебі, бұл өнер түрі соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған.
Бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ, сәнді бұйымдарды-сырға, білезік, алқа тоқуға да болады. Қазақша «бисерді»-су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп те атайды. Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отыра, о қиял мен шеберлікті дамытуға септігін тигізеді. Сызбамен жұмыс істегенде адамның есте сақтау қабілеті, моншақтарды тізгенде саусақтардың икемділік қабілеті жоғарылап, соның нәтижесінде шебердің жазу үлгілері түзіледі. Сонымен бірге, эстетикалық талғамды арттыруға, әсемдікке, көркемдікке, сұлулыққа, тиянақтылық деңгейін көтеруге әсер етеді.
Әрі қарай

Табиғи тастардан handmade білезіктер

Білезік өте жақсы көремін , бұрындары универде оқып жүргенде түрлі-түсті жіптерден өріп -тоқып жасайтынмын, енді қызық болсын деп табиғи тастардан жасадым , аттарын орысша жаздым, себебі қазақшасын білмейді екенмін.

жасыл авантюрин, сваровски кристалдары, қола түсті фурнитура


Әрі қарай