КВН-биатлон

Админнің ІТ-мамандарға арналған анекдоттарын қалай КВН-ға қолдануға болады деген сұрақтарына жауап бергесін КВН-да қолданылатын «болванкамен» шығарылған әзілдерден үзінді.

Ескерту: әзілдердің анау айтарлықтай күлкілілі болатынына кепіл бола алмаймын, бірақ, КВН барысында көріп, тыңдап жатсаңдар таң қалмаңдар. ))))))))))))

Сонымен, болванка — жаңалықтар.

Сабақта оқушылардың басын сызғышпен ұратын мұғалім, оқышулардың бастарының ені мен ұзындығын жатқа біледі екен.

Дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі сабақты дұрыс оқымайтын балалардың ата-аналарын мектепке шақырудың орнына оқушының өзін мектептің арт жағына шақырады екен.

Математикадан сынақ тапсыра алмаған жігіт дайындалмау себебін түсіндіремін деп байқамай философиядан сынақ тапсырып кетіпті.

Белгілі кино жұлдызы Анджелина Джоли Павлодардың қала күніне сыйлық ретінде Екібастұзды асырап алыпты.

Өзінің кішкентай күшігіне «От» деп ат қойған жігіт күн сайын агенттегі статусына «Отпен ойнап отырмын» деп жазып қояды екен.

Табиғат аясына демалуға шыққан 10 жігіт пен 2 қыз түнде кім-кімнің қасына жататынына таласып қалып, ақыр соңында палатканы өртеп үйлеріне қайтып кетіпті.

Нұр Отан партиясы соңғы кезде экстремизм қаупі төнуіне байланысты оқ өтпейтін партмоне және партбилет пен партжилет шығаратын болыпты.

шамамен осылай…

«КВН-де шамамен 700-800 әзіл бар, қалғаны вариация» деген пікірдің өзі болванкалардың өміршеңдігін көрсететін болуы керек…
Әрі қарай