Әлем чемпионымен футбол ойнадық....

Your text to link... сурет осы жерден алынды.

Кім білген, аа??? Осылай болатынын.
Біз әріптестерімізбен аптасын екі рет кешке футбол ойнаймыз… Бастығы бар, қосшысы бар әйтеу бәрі, бір отбасының мүшесіндей тату тәтті доп тебеміз. Тартысқа толы ойындар, кей-кейде сөзге таласта болып жатады, не керек футболда болатын жағдайдың бәрі болады. Ал ойынннан соң ойынды талқылап қалай ойнағанымыз бен қарсылас топты жеңгенімізді талқылап әңгіме дүкен құрамыз…
Ал кешегі ойында атақты балуан әлем чемпионы, азия чемпионатына 4 рет қатысқан, Жазғы Азия ойындарының чемпионы, Әлем Кубогының қоласын алған азаматпен доп ойнау бір ғанибет екен. Тепкен доптары зіл батпан… Дәл Роберто Карлос сияқты тебеді....Қарапайым салмақты келеген жігіт, өзінің атағымен мақтанбай, жай қатардағы адамдар сияқты жүргені мені таң қалдырды…
Бүгін ғаламтордан Бақтияр туралы ақпарат іздесем көп емес екен. Тіпті суреттеріде жоқтың қасы… Ал жыл сайын жасөспірімдер арасынан өткізілетін Бақтияр Байсейтов турнірі ғана болмаса, балуан ағамыз жайлы ақпараттар бірең сараң… Таңым бар…
Әрі қарай