Компьютерге әуестік

Барі де, компы бар жұрт аз кезде үйге пайда болған компқа әуестіктен басталған еді. Ең бірінші қызық, атауы біртүрлі «виндоусты» орнатып, бүкіл файлды құртқаннан басталған. Өз компьютеріңді ашып, ішіндегілерді шешіп, құрылғыларын алып, қопарыстырып көру сондай қорқынышты емес. Себебі, өзіңнің меншігің. Нағыз тәжірибе осы ұсақ түйектерден басталған екен. Кейін туыс-туған, жолдас, таныстардың компьютерін жөндеп көру, сәтсіз болып жатса, бірден жаңадан «терезе» орнату операциясы орындалатын. Әрине одан алатын ақша маңызды емес, маңыздысы — көріп білуде ғой. Егер сынып тұрған компьютердің диагнозын барынша дәл айтып, қалай жөндеу керек екенін біліп тұрса, табыс өзі-ақ келеді. Айтпақшы, диагнозды дұрыс қою көбінде тәжірибесі мол компьютерщиктерге тән қасиет.
Компьютерщиктердің бастапқы баспалдағы осындай ұсақ түйектерді меңгеруден басталып, кейін тіл меңгеру қажеттілігіне алып келеді.
-Қанша тіл білесің?
-3 тіл! Қазақша, орысша, ағылшынша.
-Жоқ! Програмдау тілдері бар ғой? Паскаль, Си, ПиАшПи, Яваларды айтамын.
Бағдарламалаудың өз этикасы бар. Өз нормалары мен тәртіптері.
-Негізі, алдымен алгоритмін құрап, сосын барып бағдарлама жазу керек болса, біздің жақтың балалары бағдарламаларын құрып алып, соған қарап алгоритм сызады демекші, жалқау программерлер анау жерден бір, мына жерден бір код ұрлап, соларды құрастырып бірдеңелерін жасап жатады. Оларды кодерлер дегеннен гөрі, быдлакодер деген дұрысырақ.
Қазақша базалық білім алып, орысша бағдарламалаудың не екенін ұғынуға болады, бірақ, заманға сай өмір сүру үшін — ағылшын тілі маңызды.
Шегі жоқ, қопарса қазыла беретін бағдарламалау саласы өте қызықты. Бірақ қатты әуестенуге болмайды деп ойлаймын. Реалдағы өмірдің қызықтарынан құр қалмау керек.
Әрі қарай