Жас инспекторлар слеті өтуде

Елордада жол қозғалысы жас инспекторларының кезекті қалалық слеті өтуде деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Биыл конкурста 10 адамнан тұратын 7 команда бағын сынауда. Балалар саптық дайындық, зардап шеккендрге бастапқы медициналық жәрдем көрсету, көшедегі жүрісті реттеушінің қимылдарын тану бойынша жарысады.

Астана жаңалықтары: Жас инспекторлар слеті өтуде

Бүгін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының сахнасында жеті команда аудандық іріктеуден өтіп, қалалық кезеңде бәсекеге түспек. Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінің командалары қатысатын республикалық конкурсқа жолдама алады.

– Биыл слет 16-шы рет өткізіледі. Ең басты мақсатымыз — барлық мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасын құру. Балалар республикалық слетта 10 күн бойы лагерьде болып, басқа аймақтардан келген балалармен араласады. Мұндай конкурстар оларды ой-өрісін дамытуға, кеңейтуге қосымша ынталандырады, – деді жергілікті полиция қызмтінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Бақытгүл Сарина.

Слет бағдарламасы жеті конкурстан тұрады, балалар велосипедпен мәнерлеп жүреді, тапқырлар мен білгірлер сайысына қатысады, ал үгіт-насихат бригадалары конкурсында әртістік өнерлерін ортаға салады.

– Байқауға бірінші рет қатысып отырмын. Бұл өте қызық, әрі танымдық конкурс. Жол жүру ережелерін білу аса маңызды. Форма кигенде өз-өзіме дген сенімім артады, балалармен көп уақытымызды бірге өткіземіз, ережелерді жаттаймыз. Осындай конкурста тек білімімізді ғана емес, шығармашылық қабілеттіліктерімізді де паш етеміз, – дейді №3 мктеп-гимназиясының оқушысы Ясмина Казанкапова.

Конкурс жеңімпаздары Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда

Астанада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама сәтті іске асуда. Былтырдғы жылдың өзінде 50 астам аула абаттандырылып, балалар ойыны, спортпен шығылдануға арналған құрылғылар орнатылды. Биыл Астананың 30 астам ауласы абаттандырылады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Аталған бағдарлама аясында жол жабыны ауыстырылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері орнатылады, көлік қоятын орындар жасалады.

Биыл «Сарыарқа» ауданында 19, «Есіл» ауданында 7 ауланы абаттандыру көзделген. «Алматы» ауданында көп қабатты тұрғын үй секторындағы 16 үйді қамтитын 10 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, 11 балалар ойын алаңы, 3 спорт және 5 гимнастика алаңы жасалады, 56 тренажер, 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық орнатылып, 8 күрке, 8 кір жаятын орын дайындалады. Сонымен қатар, 12 801 шаршы м аумақта асфальтбетон жабыны жөнделеді, ал 4 465 шаршы м аумақта қайта төселеді.

Астана жаңалықтары: Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада абаттандыру бағдарламасы аясында 41 аула мен 12 аула аумағы абаттандырылды. Жөндеу жұмыстары аясында аулаларда қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, «Есіл» ауданында спорт және ойын алаңдары жасалды, бұзылған шағын архитектуралық пішіндер, спорттық снарядтар мен тренажерлар, сәндік қоршаулар қалпына келтіріліп, ауыстырылды, балалар алаңдарына жарақат алуға жол бермейтін қауіпсіз резеңке жабындар төселді.

Астана келбеті тек жаңа құрылыс нысандарымен ғана емес, тұрғын үйлердің тамаша аулаларымен де ажарланып келеді. Бұл бағдарлама тек Елордамыздың көркін ғана ашпайды, сонымен қатар астаналықтардың салауатты өмір салтын ұстануға да септігін тигізетіні анық.
Әрі қарай