КӨК ШАЙДЫ варикозы бар жандарға ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ

Түк зияны жоқ, қай жағынан болса да тек пайдалы азық-түлік болмайды.

Деннің саулығын ойлайтын қаqсыбір жан болмасын, мұны білгені жөн. Жер бетінде ешбір зияны болмайтын, тек пайдалы ғана жағы бар азық-түлік болмайды. Бүгін осы жайында ақпарат беріп өткен артық болмас.

Көк шай
Көк шай – ең пайдасы мол азық-түлік қатарына кіреді. Жер бетінде адамзат пайда болғалы және шайдың қасиетін білгелі бұл көк шай әлем елдерінде пайдалы жағынан танымал. Ас қорытуды жақсартады, ыстық мезгілде құтқарушы, микроэлементтерге бай. Соынмен қатар, дәрумендер мен антиоксиданттар да құрамында көп. Бірақ, кемшілігі де жоқ емес. Яғни, зияны да бар. Көк шайдың құрамындағы К про-дәрумені ағзада артып кетсе, көктамырларда тромбоздың асқынуына апарып соғады.

Кімдерге ішуге болмайды?
Варикозы бар жандар көк шайды мөлшермен ғана тұтынуы керек. Ал көктамырда тромбозы бар жандарға мүлде ішуге болмайды.
ҚАН ҚЫСЫМЫ: қандай кезде адам АЖАЛ құшуы мүмкін?

Сарымсақ пен пияз
Иә, сарымсақ пен пияз өте пайдалы. Суықтауда керемет көмекші, жүрек ауруларында да пайдасы орасан. Тіпті, қатерлі ісіктің кейбір түрлерін емдеуде де өзіндік қосар үлесі бар. Айта берсек, ұзыннан-ұзақ мақала шығады.

Кімдерге жеуге болмайды?
Сарымсақ пен пияз бүйрек ауруларында, өткір және созылмалы гастритте, асқазан жарасы мен он екі елі ішек ауруларында қарсы көрсетілімі бар. Сонымен қатар, антикоагулянттарды қабылдап жүргенде сарымсақ пен пиязды жеуге мүлде болмайды. Себебі, ол қанды сұйылтады.

Теңіз балығы
Дәрігерлердің өзі теңіз балығын аптасына 1 реттен артық жемеуге ұсыныс жасап отырған көрінеді. Себебі сол – бойында минералды заттар мен дәрумендердің, сондай-ақ, жартылай қаныққан май қышқылының көптігі.
Дегенмен, теңіз балығының құрамында болатын қауіпті зат туралы өте аз айтылады.
Ол – сынап.
Иә, соңғы кездегі теңіз бен мұхиттың ластануы артып бара жатқандықтан теңіз балығы да адам денсаулығына қауіп тудырып отыр. Десек те, қолдан, арнайы хауыздарда өсірілген балықтар бұл кемшіліктен таза деуге болады.

Теңіз қырыққабаты
Йодтың көзі болып табылатын теңіз қырыққабаты да денсаулық үшін аса қажетті тағам. Бірақ, теңіз қырыққабатынан келетін қауіп те бар. Ол өзінің бойына ауыр металдарды жинайды.
Бүгінде теңіз қырыққабатының «тазасы» — қолдан, арнайы таза суларда өсірілгендері ғана болып отыр. Ендеше, теңіз қырыққабатын сатып алғанда абай болған жөн.

Бал
Балдың пайдасы жөнінде жазылған трактаттар жетерлік. Иммунитетті күшейтетіні, құрамы пайдалы заттарға аса бай екені де рас. Күніне бір қасық бал жеген адамның көптеген аурулардың алдын алатыны да шындық. Бірақ оны зиянды етіп алатын өзіміз екен. Сондықтан да оның пайдасынан зияны басым болып кететін көрінеді.
Егер балды 42 градустан жоғары қыздыратын болса, ол барлық пайдалы қасиетінен ажырап, өте зиянды азық-түлікке айналады. Себебі, құрамында оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл зат адам ағзасында жинала келіп, бас ауруы, бастың айналуы, жүрек айну мен құсу сияқты белгілерге апарып соқтырады.
Ендеше, балды пісірмелер мен ыстық сусындарға қосарла бір сәтке ойланып алғаныңыз жөн.

Қорыта келгенде…
«Пайдалы екен» деп барлығын қатарынан бетіне қарамай жеп, қолдана беруге болмайды. Кез келген пайдалының арқасында зияны да бар екенін есте сақтаңыз. Азық-түлік қатары өте көп. Арасынан таңдау жасағанда және дайындағанда барлық ережелерді есте ұстауға тиіссіз. Сіздің денсаулығыңыз – тек Сіздің ғана қолыңызда!

Дайындаған: Ә.Уалиханқызы,ERNUR.KZ

18-19 тамыз күндері Елордада «Бал мерекесі» өтеді

Астана жаңалықтары: 18-19 тамыз күндері Елордада «Бал мерекесі» өтеді

18-19 тамыз аралығында қаламызда жыл сайынғы «Бал мерекесі» қала тұрғындарына ерекше қуаныш сыйламақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Саламатты өмір салтына бағытталған бұл дәстүрлі мерекені «Бал-Ара» Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы және «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізеді. Бұл мерекеқала тұрғындарына танымал ретінде олардыңдәмі тіл үйірер балдан дәм татуына және оның қорын жинап алуға мүмкіндік жасайды.

Көрме-жәрмеңкеде омарташылар балдың сапасы мен қасиеті және жалпы экологиялық таза өнімдерді сатып алу туралы кеңес береді. Жәрмеңкенің ерекшелігі сол, бұған тек жеке иелігінде бал арасының ұялары бар нағыз омарташылар қатысады. Олардың өнімдері сапалы әрі ешбір бояғыш заттар қосылмаған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бал мерекесі халықтың көптен күткен сүйікті шарасы. Бұл мезетте омарташылардың қазынасы жаңа өніммен толығады. Жалпы, балдан көптеген тағамдар мен сусындардың әзірленетінінатап өткен жөн. Ежелден оның емдік қасиеті бар екені де белгілі. Оны емдеу шараларына, сұлулыққа, күш пен қуатты арттыруға пайдаланады және одан дайындалған сусындар бар. Сонымен бірге, шіркеуде болатын балдың емдік қасиеті болады деген де ұғым бар. Осыған орай,өз еркімен қалаушыларға шіркеуде бал үлестірілген.

Астана қаласындағы Республика даңғылы 12 –дегі Константино-Еленин соборында және Күйші Дина көшесі 27-дегіСвято-Успенский соборында «Бал мерекесі» өткізіледі.Басталуы сағат 10:00-де.Ұйымдастырушылар барлық астаналықтарды және қала қонақтарын «Бал мерекесіне» шақырады.
Әрі қарай

Эстафета. Эпатажды эпопея - қызыл балық.

Дінмұхаммед ұсынған трапеза-кезек. Тамара Тамақ асар.

Істелуіне аз уақыт, минимум еңбек жұмсалатын әрі тез дайын болатын ауқатқа зәруміз делік. Тоңазытқышта тіскебасар провианттан қызыл балық бар деп қиялдайық. Төменгі сөрелерінде гарнирге лайықты кәкір-шүкір. Болды, енді турау-отқа қоюға ыңғайласамыз.

Аздап қыздырылған табаққа майдалап туралған пияз, ол қызғылт түске ауыса берген тұста орташалау туралған картопты үйеміз үстіне. Қалауымызша тұздаймыз. Ортадан жоғары отта 20 минуттай уақыт ішінде пісуі керек. Түбі қатып қалмауы үшін араластырып тұрыңыз.

(1133.63 Kb, 2592x1944)

Балбырап тұрған қызыл балықты жуып аламыз.
Әрі қарай