Өлең-жыр байқауын жариялаймыз
2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.
Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.
Толығырақ
Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.
Толығырақ


Jas.kz ақпараттық-танымдық порталы 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Біз ғашық жандармыз» атты байқау ұйымдастырады.
Жүздеген жас әнші, жалт-жұлт жарық ойнаған караоке сахнасы, елімізге танымал өнерпаздар, қатаң қабақты қазылар алқасы… Бұлардың бәрін «Астана дауысы» байқауынан көре аласыздар! Мақсаты биік, арманы асқақ жоба. Авторы және жетекшісі — Нариман Думанұлы деген белсенді жас азамат. Бұл істің басы қасында өзі шапқылап жүріп, жұмысын өрістетіп келеді. Келесі жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған жоба жетекшілері биыл көптеген жас әншілердің талантын шыңдап, дарынын ұштады.
Бұл жобада ең әуелі жүздеген жасқа есігін ашты. Содан соң солардың ішінен небір күміс көмей, алтын дауыстарын таңдап алып сайысты бастаған болатын. Оларға вокалдан дәріс беріп, дауысын қояды. Содан соң олардың ішінен іріктеліп, іріктеліп келіп, финалға шыққандарға авторлық ән сыйлап, студияда жазып та береді. Бұл өнерге келген жас әншіге үлкен қолдау екені рас.

