Алғашқы мәшнем!

Өткен аптадан бері мен де автоәуесқойлар клубына мүше болдым. Көлігімнің жылы өзімнен 4-5 жас қана кіші болғанымен аяқ артуға жетіп тұр. «Мицубиси Галант». Алғаннан бері 150 км (барып — қайту 300) және 225 км (барып -қайту 450) қашықтыққа барып қайттым. Жүргізушілік куәлігімнің мерзімі 2016 жылы өтіп кетеді екен.
Жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары баршылық. Стабилизатор деген пәлесін өзім аулада ауыстырдым. Қиын ештеңесі жоқ. Енді осы сенбі поддонның (картер) прокладкасын ауыстырмақпын жәйлап. Біреуге жасатқанша өзім жасап үйренейін деген ой ғой. Алла бұйыртса суретін салармын)))
Әрі қарай