Арулар ақын болыңдаршы!


Арулар ақын болыңдаршы!
(Көкшетау-2012 жас қаламгерлер форумы. Астанадан келген бір ару қыз өз өлеңін оқыды… Содан Шабыт шал оянып кетті.)
Өлең оқыды астаналық ақын қыз
Құмарта қарап, ұйып тыңдап жатырмыз
Сұлулығың ғұмырыңа да жетпейді,
Ал бірақта мәңгілік қой хатыңыз
Әрі қарай

Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай