Жаңалықтар - 28 наурыз 2012

Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды.

***

Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды.

***

«Сыр ақшамы» газетінің кешегі номерінен Блоггерлер Құрылтайы басталатынын оқыған бір топ қызылордалық блоггерлер қауымы Астанаға аттанды.

***

Рикки Мартиннің Қостанайдағы концерті еліміздің әнұранымен салтанатты түрде басталды.

***

Мәжіліс депутаты Марсель Көшімхан бұдан кейін Кувейт тауарларын алмау және KW домен зонасындағы сайттарға кірмеу туралы ұсыныс жасады.

***

Бауыржан Шоуда бірнеше жыл бойы сахнаға микрофон алып, шығып жүрген бір жігіттің де жеке күлкі театры ашылды.
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 20 ақпан 2012

Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады

***

Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде.

***

Уганда, Руанда және Чад мемлекеттеріндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қаңтар айының айлығына Уганданың ең танымал футбол клубы «White Elephants» клубын сатып алды. Команданың жаңа аты: «Ordabasy Elephants».

***

Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар.

***

«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.

***

Көрермен санын арттыру мақсатында алматылық "Қайрат" клубы жаңа маусымда әйелдер, балалар және гейлерге ойындарға кіру тегін екенін жариялады.

***

Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді.

***

Қонақүй бөлмесінде шамадан көп есірткі қолданудан өлген жас жігіттің әзірше аты-жөні белгісіз. Танымал бір әнші болуы мүмкін деп отырмыз дейді баспасөз қызметіндегі қыз.
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны

АСТАНА. АҚШ-тың Бостон қаласында өткен бадминтоннан Әлем кубогынан ешқандай орын алмай және Олимпиада жолдамаларын ұта алмаған еліміздің бадминтоншылары елге бос қайтпай команда қоржынын 14 iPad, 5 iPhoneмен толтырды.

КӨКШЕТАУ. Көкшетауда қайғылы оқиға. Әжесінің үйіне қонуға барған 12 жасар Аружан үстіне жабылған 52 килограммдық көрпенің астында қалып қойып, жан тапсырды.

СЕМЕЙ. Манты жасаған кезде біреу келіп қалып, әлі мантыға тоя алмай жүрген Әмірғалиевтар отбасысы бұдан кейін манты жасамайтындарын мәлімдеді. Отағасы Бауыржанның айтуынша олардың үйінде қонақ берекеті емес манты лағынеті бар.

АЛМАТЫ. Алматылық "Қайраттың" селекционерлері НБА-дағы локауттың кесірінен Еуропаға трансфер болып жатқан ойыншыларды өздеріне шақыру үшін барып, НБА-ның футбол емес баскетбол лигасы екенін түсінгесін Америкадан құр қол қайтпай, бадминтоншылар барған дүкеннен 6 iPad алып келді.

ШЫМКЕНТ. Күнде көшеде темекі сұрайтын студент өзінің кішігірім дүкенін ашайын деп жатыр.

АСТАНА. 1 жыл ішінде Твиттерде тек 6 фоллоуер жинаған депутаттың өкпесі қара қазандай.
Әрі қарай

Өзіңіз жайлы қызықты ақпарат

Осы сайттағылардың бір-бірін жақсы біліп кетулеріне түрлі эстафеталар, сауалнамалар жүргізілді. Дегенмен, қызықты бір ақпараттар болады ғой.Мысалы, мені кішкене кезімде атамның жалғыз інісі асырап алмақ болған екен. Жеме-жемге келгенде не кедергі болғанын білмеймін. Егер, ол кісі асырап алғанда мен орысша өсер едім.Себебі, Қарағанды түбіндегі орыстары көп поселкіде тұрады. Мүмкін, бір-екі рет темір торға да түсіп келер ме едім.Ол жақта жастар қылмысы көп, және поселкіні ашқан кезде кілең түрмеден шыққандарды әкелген екен.
Қазіргі таңда қазақтар саны көбейіп қалғандай екен. Ал, сіздер немен бөлісесіздер?
Әрі қарай

TV-ден табло жасаймыз.


Кәуділгі LCD-панельді қалай пайдаға асыруға болады? Былай қарасаң — жалпақ та жарық керемет дүние. Үйде кино көрерсің, ал мекемеде?
Тап сол уақытта — мекемеде бос жүгіріс көп: таң ата бірі ана тізімді, бірі мына тізімді іліп, зыр жүгіріп жатады. Ол аздай, түс ауа жоғалған мұғалім табылып, сабағын өткізетін болады, бұл — сабақ кестесін қайта жаңартып ілу деген сөз. Ал туылған күнге арналған сұрықсыз құттықтаулар ше? Ескерту, хабарландыру ше? Бәрін қойғанда… воллейболдағы ұпай көрсету ше?
Егер мекемеңізде "әдемілікке" тұрған LCD-панель болса, оны мына суреттегідей іске асыруға
Әрі қарай

Балам екеуіміздің алғашқы өнеріміз (суретке түсу)

Микеланджелоның “Адам жаратылысы” атты (The Creation of Adam)

фрескасындағы қолдар орналасуындай етіп, суретке түсіп көрейік дедім.

Суретті түсірген жұбайым Әсел, қолдардың иесі Алихан және өзім.

Суреттер саны 5-еу, Алиханның іс-қимылдары әдемі болып шыққан сияқты.

+ + +

Фрескаға түсу сәтіміз
Әрі қарай

«ҚазНеттің жаназасы-2» немесе Қуырдақтың көкесін Гуглді сойғанда көресің!


«ҚазНеттің жаназасы» атты мақаламда еліміздегі .kz доменіне қатысты жаңа заңның негативті тұстары туралы жазған болатынмын. Көп күттірмеді. Өздеріңіз куә боп жатқандай, бүгіннен бастап google.kz өз доменін google.com-ге редирект (басқа жаққа сілтеп
Әрі қарай