"Оразада душқа, өзенге, моншаға түсуге болады ма?" жиі кездесетін сұрақтар


Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға Байкен мешітінің имамы, Құлмұхамет Махамбет ағамыз жауап береді. Сондай сұрақтардың бірі — «Оразада душқа, өзенге, моншаға түсуге болады ма?». Жаздыгүн болғандықтан, барлығымыз да терлеп, тепшіп әр түрлі жағдайларға түсіп жатамыз. Сондай кезде душқа, моншаға немесе көлге түсуге болады мекен? Жауабын видеода қарай аласыздар…

Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай

"Ораза деген не?" жиі кездесетін сұрақтар


ОРАЗА ТУРАЛЫ ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…
Әрі қарай

"Оразаны қалай тұтады?"


Ораза ұстау тәртібі

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)

2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ

Ауыз бекіту дұғасы:
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.
Ауыз ашу дұғасы:
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр…

Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай