Ауа-райы

Кеше түннен бастау алған қалың қар Алматы шаһарын аппақ далаға айналдырды. Әрине авто жолдардан басқа жерлерді айтам…
Қазгидрометте істейтін бір танысым осы аптаға арналған ауа-райы болжамын, ертеңгісін агентіме жарқ етіп жазған еді. Мен осы ақпаратты агенттік достарыма тараттым. Сондай-ақ бұл мәліметті өздеріңізбен бөлісуді жөн санадым.

16 қаңтар: Күн бұлтты, қар жауады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с тық жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 градус суық.

17 қаңтар: Күн бұлтты, қар жауады. Жел солтүстіктен 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде минус 15-20, ал кундіз 9-14 суықты көрсетеді.

18 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жауу ықтимал. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 9-14 суықтықты көрсетеді.

19 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жаумайды. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 8-13 аяз болмақ.

20 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жаумайды. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 12-17 суық болса, күндіз 5-10 суық болады.

Қаңтардың қытымыр аязы келді. Орыстың «Крещенская морозы», "Қытайды жуы" өзіміздің қытымыр суығымыз осы қаңтар айының сәні іспеттес…
Әрі қарай

Екі әйелдің әңгімесі

Саясаттан шаршамаңыздар ағайын! Мына диалогқа көз салыңыздар! :)

— Мен кір жуып қойсам жаңбыр жауып кете береді, шаршадым…
— Мен байымдыкыне қарап бағдарлай қоям ауа-райын…
— Қалай сонда?!..
— Байымдыкы оң жағына қарай құлап жатса кір жуа қоям. Күн ашық болады. Сол жағына қисайса күн жаңбырлы.
— Ал қақиып тұрса ше?!..
— Жындысыңба?!.. Мейрам күні жұмыс істеуге бола ма екен…
Әрі қарай