ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. МИЛАН VS АТЛЕТИКО

Футбол десе, қонаққа келген енесінің қорылдауын елемейтін жанкүйерлер, шабыс қалай? Қадым замандағы әдет бойынша мониторға шынжырсыз байланып отырсыңдар. Отырыңдар. Футбол жайлы әңгімені еркіне жіберейік. Бүгін Милан мен Атлетиконы сөз етейік. Қызық үшін. Әуелі Милан жайлы бірер ауыз жаза кетсем, команда екі жыл бұрынғымен салыстырғанда мүлде басқа. Бапкері — Аллегри деген азамат. Ардагерлер кетті, кейбірі басқа командаларға ауысты, буын алмасу, т.с.с. «А сериясында» дәл қазір 13 орында! Жақсы ойыншылар бар, әсіресе шабуыл шебінде. Марио, Робинио. Кака қайта оралды. Былай сүйкімді команда.
Атлетико. Қазір Ла Лигада доп айырмасы болмаса, Барсамен иық тірестіріп 1-2 орынды бөлісіп келеді. Бапкері — Диего Симеоне. Мінезді жігіт. Тәжірибелі жанкүйерлер бұл жігіттің футболшылық кезін де, бапкерлік кезін біледі. Команда осы маусымда жалпылай да, жекелеген кейіпкерлерімен де сөзсіз мықты. Қақпашысынан бастап, шабуылшылармен қоса алғанда.
Фаворит сырт көзге бірұрыпқұлатқандай айқын секілді, бірақ Фортуна жеңешеміз кімге күлімдейтіні белгісіз. Белгілі болса, қызық болмайтын еді. Көрер қызық көп болсын!
Футбол, тек қана футбол!: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. МИЛАН VS АТЛЕТИКО
Әрі қарай