9 мамыр Ұлы Жеңіске арналған отшашу(салют).


9 мамыр күні достарыммен кездескенмін, көп болған еді кездеспегелі… ұзақ әңгіме соңында бүгінгі отшашуға барайық деп келістік. Есіл жағалауына бардық, адамдар саны көп, барлығы осы сәтті күтіп тұрғандай тізіліп жиналып тұр екен. Естуімше көбіне
Әрі қарай

Не то ышто то не то...

Орыс тілі біздің мемлекетте ұлы тіл. Жаңа ғана Астана қаласында өтетін Қарағанды облысының мәдени күндерінің бағдарламасын жасап басқармаға жібердім.Шамалыдан соң мынаның орысша нұсқасын жібер, жоғары жақ түсінбейді деп хабарласты.
Қарағанды
Әрі қарай

Парадқа шықтым...

Кештеу шығарғаныма кешірім өтінем, суреттер поштама бүгін ғана келді)))
1-мамырда Астанада әдемі парад өткен. Парадта Астана қаласының ұйымдары, оқу орындары қатысты.
Әрі қарай

Астаналық "Керекшілер" және "Блогшы" қауым!!

Көктем де келіп Астананың қақаған суығының тігісі сөгілді. Көк шығып қала көшелерінің реңі де кіріп келе жатыр. Өткен аптада кешкі уақытта әйелімді ертіп Есіл жақты аралап қайтқан едім. Халық көп екен. Дені жастар әрине. Жақсы серуен болды. Кей орындықтарда гитар ұстаған жігіттер топтасып ән де салып отыр…
Блог - Janasil: Астаналық Керекшілер және Блогшы қауым!!Ұсынысым: Жақын арада жиналып Есіл жағасына барып отырып, әңгіме-дүкен құрып қайтсақ.(Кешегі шаңғымен жарысқан жерге сыртынан қарап отырып) Қастарыңызға жолдастарыңызды, кішкентайларыңызды ертіп келсеңіздер тіптен жақсы болады. Болып жатса гитар, домбыра алып келсеңіздер ән де шырқаймыз.
Әрі қарай

Кибершайханалықтармен реал кездесу


Кеше Асхат бастаған Кибершайхана авторлары Neweurasia-лық жігіттермен кездестік. Американ Крис кітаптың редакторы, ал неміс Оливер дизайнері екен. Кітап идеясы және техникалық тұстары төңірегінде жақсы сұрақ-жауап диалогтар болды. Кейін астаналық блогшылардың штаб-пәтеріне айналған Тағам кафесіне барып сұхбатымызды жалғастырдық. АҚШ пен Еуропадағы БАҚ, интернет, жалпы қоғам туралы пікірталастық. Асхатқа рахмет, ерінбей аударып отырды бәрін.
Астаналықтар бұл жолы да «белсенділіктерімен» көзге түсті.

P.S sammita-ны көрдім :)

сурет: qazaq.kz
Әрі қарай

"Киберчайхана" Қарағанды мен Астанаға бара жатыр



Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты.
Әрі қарай

Тағы да сайлау ма?

Онша емес жазулар айтқандай, бүгін біздің елбасын президент тағына отырғызу рәсімі өтті. Кеңесшілер сөз еткендей, шет елдік басшы-қосшыларды шақырмай, бүгін таққа отырғызуды өз ішімізде өткеріп тастады(қ). Елбасы өз сөзінде демократия, көп партиялылық, парламент, реформа дейтін ілмекті сөздерді айтты. Іле түс ауа Президент Парламентке барады деген ақпар тарады. Әйтеуір сағат 16-00-де Мәжілістің (пленарлық) отырысы өтетіні белгілі.
Ай, жазда тағы бір сайлау бар сияқты. Көп партиялылық деген жақсы шығар, әйтеуір Абай ата айтқан «болды да партия, ел іші бүліндіге» айналып кетпегей… Алла қайырын берсін.
Пы сы. Қысқасы, солай болды (төмендегі комменттерді оқысаңыз түсінікті болады). Үкімет басы өзгермеді. Қайта сайланды. Ал Мәжілістің сайлауы 2012-де болатын болды.
Әрі қарай

Фото жұмбақтың жауабы.

мына жерде жарияланған фото жұмбақтың жауабы. Алғаш болып дұрыс жауабын жазған sammita болды. Уәде бойынша келесі бас қосуда бір кесе шәй менен.


Ескерткіш 1998 жылы Омаров көшесінде ашылған екен. Жоғарғы сот ғимаратының жанында.
Тасалау жер секілді тұрған жері.
Әрі қарай

Жол полициясы 7560 (7000) теңгемді қалай қайтарып берді?

Бұл өзі жыл басында болған оқиға. Tuspalsoz-ді жүргізуші Мұрат Есжан Қазақстан бойынша бір айға жуық сапары кезінде өз көлігін маған уақытша жүргізуге беріп кеткен еді. Әдеттегідей, өз шаруаларыммен Астананың әсем көшелерінің бірінде көлікпен жүйіткіп келе жатып, жүргінші жолын кесіп өткенде, жол полициясы тоқтатты. Негізгі айыбым: жаяу жүргінші өтпесінен жүргіншілерді өткізбегенім екен. Оқиға осылай басталды.Жалғасы...
Әрі қарай