Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп, домбыра сыйға тартты. Алмасты білмеймін, мен мәз болдым!



Әсет Хайнрихтың әкесі неміс, шешесі тува халқынан. Бірнеше жыл облыстық ТВ-де қызмет еткен Әсет 1 жыл бұрын арман қуып, Астанаға келген еді. Орындалмаған армандарына өкпелі Әсет кеше Лесная поляна ықшамауданындағы автобус аялдамасында баспасөз мәслихатын өткізді.