Астаналық спортшы армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші және ересектер арасында екінші орын алды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
Түркияда армрестлингтен өткен Әлем чемпионатында Еркін Әлімжанов екі алтын жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Елордалық «Жігер» спорт клубының тәрбиеленушісі халықаралық додада ардагерлер арасында 75 кг салмақ санатында өнер көрсетіп, оң және сол қолмен күш сынасуда бірінші орын алды.
Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды. ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды.
ҚР Спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 кг салмақ санатында оң қолмен күресте қола жүлдені қанағат тұтты.
Армрестлингтен Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында 12-21 қазанда өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300 тарта спортшы бәсекеге түсті.




Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:
