Кіші Рой Джонс пен Куинтон Джексон бокстаспақ

Төбелес клубы: Кіші Рой Джонс пен Куинтон Джексон бокстаспақАндерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін.

Сөйтіп Өрекең жеті рет өлшеп жүргенде, жақында ғана UFC-ден Bellator-ға ауысқан Куинтон «Елірме» Джексон бір-ақ кесіп, Рой Джонспен жекпе-жекке шығатын болыпты. Кәсіпқой бокс ережелері бойынша.
Әрі қарай

2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)

Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр
Оның үстіне, өзім аралас жекпе-жек өнерлерінен өтіп жүрген жарыстарға қызығып жүргеніме көп болмағандықтан, постты субъективті шолу ретінде ұсынуды жөн санап отырмын. Яғни, бұдан да мықты нокауттар орын алған болуы мүмкін. Мен тек өзім көргендерді ұсынамын.

Ал кеттік!
Әрі қарай

K-1 Rising 2012: Бадр Хари мен Андерсон "Брэддок" Силва

Кеше осы жарысты түнгі 4-ке дейін лайвстрим арқылы көрген едім. Жұмыс істеп отырғандықтан, бәрін көруге мүмкіндік болмады. Басты-басты дегендерінен көз жазбауға тырыстым. Сол кездесулердің видеосы шыққан екен, сендер де тамашалай отырыңдар

Бадр Хари мен Андерсон «Брэддок» Силва

Әрі қарай