Кіші Рой Джонс пен Куинтон Джексон бокстаспақ
Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін.Сөйтіп Өрекең жеті рет өлшеп жүргенде, жақында ғана UFC-ден Bellator-ға ауысқан Куинтон «Елірме» Джексон бір-ақ кесіп, Рой Джонспен жекпе-жекке шығатын болыпты. Кәсіпқой бокс ережелері бойынша.

Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр