Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Блог - Marco: Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді
Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.
Әрі қарай

Әрқалай жағдайларға мидың берген 5 жауабы

Блог - zholantai: Әрқалай жағдайларға мидың берген 5 жауабы
Әрқандай боп жатқан құбылысқа, ырым-тыйымдарға ғылыми түсінік іздеп, түртіншектеп жүріп, «неге бұлай» деген сұрақтарымның үшеуіне жауап тауып алдым. Күнделікті ит тірлікте кездесетін жағдайлар ғой.

Жайдан-жай ерігіп отырып, миымызды төртөлшемді гиперкубтар, кванттық механика немесе қай-қайдағы шексіз қосындылар туралы ойлануға мәжбүрлесек, ол бүлік шығара бастайды. Және оның осылай дүрбелең салуы заңды. Өйткені, сұр түсті қойыртпақ- оңайға әдеттенгендіктен, күрделі басқатыруларға дайын емес. Күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерге ғана үйреніп қалған. Әйтсе де, соның өзінде миға тежеу салып, адастырып кететін қарапайым жағдаяттар да кездесіп жатады. Мәселен:
Әрі қарай

Кімнің есінде?

Ары дөңбекшіп, бері дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Есіме 8-сыныптағы билолгия кітабының 89-беті түсіп кетті. (Ол үшін емес ұқтай алмағаным). Біз «Атамұра» баспасымен оқыдық қой. Кейінгісі «мектеп» болуы керек. Кімнің есінде екен осы бет, қай тәуелсіздік құрдасы осы бетті оқыды? Біздің мұғалім бұл тақырыпты тастап кеткен болатын.
@VKM, @blacbeard, @ushkin, @AKA, @Erkekyz, @Esmeralda, @estetika91, @tvoya_A, @Rozatai, @Kuralai, @serjan қайсыларыңның естеріңде?
Әрі қарай