Амазия

«Бұл процесс үнемі жүріп келеді, материктер қозғалуда. Егер 200 жыл бойы дәл осылай қозғала берсе, онда Австралия Индонезиямен қосылып, ал Африка ығысады». Жер физикасы интитутының директорының орынбасары Евгений Рогожин «теориялық тұрғыдан, Азия мен Америка әйтеуір бір күні тоғысады», деп санайды. Оның сөздерінен:
«Орталық-Атлантика жотасы бір орында тұрмай, үнемі қозғалып келеді. Еуразия шығысқа қарай қалқыса, ал Америка, оның ішінде Оңтүстік пен Солтүстік, батысқа қарай, Тынық мұхиты жағына қарай қалқып келеді.
Бірақ бұл жай ғана абстрактілі сызба», — дейді ғалым. «Өйткені суперқұрлықтардың пайда болу теорияларында мұхит түбіндегі жер қыртысын ескеру қажет. Ал оны америкалық геологтар, есепке алмауда», — деуде профессор Рогожин. «Бүгінгі жағдайға қарап, алыс болашақтағы құрлықтар туралы жалпы ойлану қажет пе?», — деп сұрақ қояды Николай Короновский. Өйткені, миллион жыл ішінде, ол өзгеріп те қалуы мүмкін. Мысалы: егер Орталық-Атлантикалық жотаның солтүстік бөлігі ашылса, су құрлыққа қарай ағып, оның бөлігін қопарып алады. Онда әлемнің физикалық картасы басқаша болмақ. Мәскеу мемлекеттік университеті ғаламшардың осындай болашағына сенбестікпен қарап, басқаша бағалап отырған профессормен Евгений Рогожин де келіседі. Рогожин: «500 миллион жылдан кейін қалай болатынын болжап айту қиын. Өйткені ол уақытта Жер мүлдем болмауы да мүмкін. Ол ішінен жылу бөлумен дамып жатқан дене сияқты таулар құрып, Айға ұқсап қала алады». «Америкалық геологтарға, бірінші кезекте, өзекті мәселелермен айналысқандары жөн болады», дейді сарапшылар, «мысалға сөнбеген бірнеше жанартаулар орналасқан тынықмұхиттық отты сақинаға немесе Калифорния жағалауларындағы жер сілкінулеріне байланысты зерттеулер жүргізу керек. Себебі, осы аумақтардағы жер асты құбылыстары Жер бедерін алыс болашақта емес, қазірдің өзінде өзгертіп тастауы да ғажап емес».
сурет мына сайттікі: jankoy.org.ua/amerika-aziya-amasia/