Көктемгі көңіл

Бейкүнә бәйшешек боп бүр жардық та,
Бет түзедік бақиға базыналы…
Осы аралық – пәнилік пендешілік,
Осы арада пәтуаң жазылады.

Көктем боп басталғанмен мына ғұмыр,
Қыс болып бітетіні, тағы бар-ды…
Сол қысқа жеткенше сапар бойы,
Жол бойынан талай өлік табылады.

Көктемімнің көбі кетіп, азы қалды
Ойға омалып, көңіл де сәл жабығады…
Маңдайдан кеп шертіп кетед,
Анда-санда аптап жаздың азынабы.

Аз қалды бітуіне көктемімнің,
Уақыт қой, өктем үні көктегінің…
Бұған да шүкір дедік, бір ақшамда
Бізсіз де бұл Құдайды сөкпеді кім?!
Әрі қарай