Сәлем!

Армысыздар, құрметті ағайын! Мен өзіме бүгін блог ашып отырмын. Осы сайтты бұрынырақ көзім шалып еді — Мерамбектің әнінің сөзін іздеп отырғанда. Іздеген жоғым табылғанға қуандым, әрине. Содан сайтқа ырза болдым. «Керекинфо» десе дегендей-ақ екен дедім.
Кейін блог екенін түсіндім. Жазылған посттар мен пікірлерді оқи бастадым. Олар баурап алды. Қазақ тілді орта екен, ырза болдым. Енді міне орталарыңызға келіп отырмын. Жатырқамай, жылы қарсы аларсыздар деп үміттенемін. Мында, сосын, жақсы-жақсы сындар көп айтылады екен. 6 сөйлемнен құралған постқа 60 ауыз пікірлер жазылады екен. Сайт осы пікір алмасуымен құнды деп ойлаймын маған.
Мен посттарды қатты жазып қоймаймын енді. Енді-енді үйреніп жүрген жайым бар. Сондықтан аса сөкпессіздер деймін. Пікір бөлісулерге көп араласатын шығармын, әзірше.
Осы… айтайын дегенім… Типа, кіріспе сөзім)
Әрі қарай

Сәлеметсіздер ме құрметті КерекИнфолықтар !?

Сәлем сөздің атасы демекші алғашқы постымды амандасудан бастадым.
Алғашқы постымды ҚазНеттегі жаңа бір сайт туралы жасасам деймін. Болашақтағы посттарым да осы тақырыпта болмақ. Көзге ілінгенінше) Уақыттың жеткенінше ҚазНеттегі барлық жаңа сайттарға
Әрі қарай