Өрмекші адамдар

Астана несімен ерекшеленеді? Иә, ғажайып архитектурасымен, зәулім ғимараттарымен.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар
Сіз осындай күнге шағылысып жылтыраған биік ғимараттар қалайша әдемі әрі таза болып тұрады деп ойлайсыз?

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар
Бәлкім, қолында шелегі бар ғимараттың төбесінен салбырап тұрған адамдарды байқаған боларсыз?
Олар өндірістік альпинисттер. Осы кәсіп жайлы «Maхima» клинингтік компаниясының қызметкері Элер Махмадаминовтан сұрап, әңгімелейтін боламыз.
— Өндірістік альпинисттерді қайда оқытады? Сіз қайда оқыдыңыз?
— 2000 жылдары СНГ елдерінде, тіпті Ресейде кәсіби альпинистерді оқытатын курстар жоқ еді. Көп қабатты, шыны үйлердің көптеп салынуына байланысты 2008 жылдардан бастап Қазақстанда арнайы оқыту орындары ашыла бастады. Алматыда, Щучие, Астанамызда да бар. Ал өзім басым 2002 жылы Германидағы Мюнхен қаласындағы альпинистерді оқыту орталығында 9 ай оқыдым.
— Мұндай қауіпті мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жеке қызығушылығым. Бастапқыда тауға шығатынмын, ал қазір табыс көзі болып кетті.
— Еңбекақыңызға қанша сонда?
— Жалақымыз жақсы. Айына 120 мыңнан жоғары.
— Осы салада тәжірибеңіз қанша?
— Жалпы альпинизммен айналысқаныма 12 жыл. Бастапқыда альпинизм бойынша нұсқаушы болып істедім. Ал өндірістік альпинист болғаныма 5 жыл болды. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан қалаларында жұмыс істедім.
— Жұмыс тәжірибеңіздегі ең биік ғимарат неше қабатты болды?
— 125 қабатты Мәскеудегі «Гранд» қонақ үйі еді. Жоғары қабаттың терезесін ауыстырдық. Сонда төменге қарағанымда жердегі адамдар кішкентай қыбырлаған жәндіктер сияқты болып көрінді.
— Ерекше тапсырыстарды орындадыңыз ба? Мысалы төбеден түсіп романтикалық құттықтау жасау сияқты.
— Иә, жаңа жылда қызықты тапсырыс болды. Бір кісі кішкентай балаларын аяз ата болып киініп, терезеден кіріп, сыйлықтарды табыс етуімді өтінді. Сөйтіп бір күн аяз ата болып, балаларды қуантып кеттім.
— Жеке тәжірибеңізден қызықты оқиғаңыз туралы айтып берсеңізші.
— Бір рет үйдің қабырғаларын бояп жүргенде 9 қабаттағы терезе ашылып, бір апа «Балам, байқа. Мә мынаны ал» деп, шәй мен кәмпит ұсынды. Әр жағынан баласы шығып, «Не істеп жатырсың, мама? Жап терезені, бөгет жасама» деп айқайлады. Осы оқиға есімде қалыпты.
— Ауа-райы сіздердің жұмыстарыңызға қаншалықты әсер етеді? Әсіресе Астананың желін ескерсек.
— Қатты жел болғанда, жаңбыр жауғанда жұмысқа шықпаймыз. Сондықтан ауа-райы болжамын қарап, бақылап жүреміз.
— Жұмыс барысында трагедиялық оқиғалар болды ма?
— Жоқ, үнемі қауіпсіздік ережелерін сақтап жүремін, оның үстіне тәжірибем де аз емес, сондықтан ондай жағдай болған жоқ.
— Қорқынышты жеңу үшін «допинг» қабылдап немесе ішімдік ішкен таныстарыңыз бар ма?
— Жоқ, өз басым ондай альпинистерді кездестірмедім.
— Биіктіктен кез-келген адам көре алмайтын қаланың әдемі көріністерін тамашалайсыздар. Осы туралы айтып берсеңіз?
— Иә, дұрыс айтасыз. Мына алып қаланы, көркем ғимараттарды биіктіктен көреміз. Ол сұлулықты сөзбен түсіндіру үшін тіл байлығым жетпейтін шығар. Таңның атқаны, күннің батқаны, көліктердің қозғалысы, жердегі адамдардың қарбалас тіршілігі, жалпы биіктіктен бақылау қызық.
— Сіздің жұмысыңыздың 3 кемшілігі мен 3 артықшылығы қандай?
— Артықшылығынан бастайын. Біріншіден, сұранысқа ие, еңбек ақысы жоғары жұмыс. Екіншіден, адреналин. Қызығушылығым болғандықтан бұдан ләззат аламын. Үшіншіден, достарыммен жиналғанда биіктіктерді бағындырғаным туралы әңгіме айтым отыру ұнайды. Ал кемшілігі — қауіпті жұмыс. Алпинистің қателік жасауға құқығы жоқ. Бір қате жіберсең не денсаулығың, не өмірің қатерге тігіледі. Осы ғана, басқа кемшілігін білмеймін.
— Кәсіби ырымдарыңыз бар ма?
— Жоқ, ондай жоқ.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар

Мен де драйв пен экстримді сезіну үшін 12 қабатты «Парасат» іскерлік орталығының төбесіне мініп, өрмекші адамдарша түспекке бел будым.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар

Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаумен таныстырып, екі жігіт үстіме жабдықтарды кигізе бастады.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар

Сонымен ең негізгі жабдық, бұттан бастап киілетін обвязка (1). Сонан соң статикалық жіп (2), басқаша канат деуге де болады. Түсетін құрылғы (спусковое устройство) (3), яғни осы арқылы жіп өтеді. Карабин (8,9), отыратын жабдық. Негізгі құрылғылар осылар. Жалпы бір өндірістік альпиниске қажетті құрылғылар жинағы 400 мың теңгеден асады.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар
Канат қажалып жыртылып кетпес үшін құбыршекке (шланг) кигізеді екен.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар
Ал статикалық жіптің өзі шатырдағы қолайлы бір жерге мықтап байланады.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар
Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар

Басым айналатын шығар деп қобалжығаным рас. Алайда, биіктікке шыққанда да, төмен қарай түсіп жатқанда да еш қорыққан жоқпын. Акрофобиямен ауырмайтыныма көзім жетті.

Блог - IShyrak: Өрмекші адамдар

Ендігі мақсатым — парашютпен секіру.

P.S. Бұл пост алғаш рет 14.07.15 ж. «Columnist.kz» сайтында жарияланған болатын.
Әрі қарай

Әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған тұңғыш қазақ

Блог - Erbol: Әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған тұңғыш  қазақҚазіргі кезде «Kaspi Bank»-те «Kaspi қаһармандары» имидждік кампаниясы жүріп жатыр. Басты мақсат – өз күшімен жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтарды насихаттау. Бұған дейін әлемнің барлық шөлдерін бағындырған желаяқ Марат Жыланбаев, жеке балалар үйін ашып, 350 баланы тәрбиелеп, өсірген Тұяқ Есқожина басты кейіпкер болған. Жақында әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаевтың қатысуымен жаңа кампания басталды. Қызық болғанда қазақстандықтардың көпшілігі оны қарапайым альпинист ретінде қабылдайды екен. Ақпарат, насихаттың аздығы. Kerekinfo оқырмандары үшін Мақсұт туралы ақпарат бере кеткенді жөн көрдік.

Мақсұт Жұмаев — 1977 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстанның Федеровка ауылында дүниеге келген.
Сырым батырдың ұрпағы. Батыс Қазақстан аграрлық университетін (ветеринар), «Қайнар» университетін (заңгер) бітірген. Альпинизмге кездейсоқ келген.

Сұхбаттан: 1 курсты біткен соң, Алматыға тәжірибеден өтуге келдім. Таныстарыммен жиі тауға шығып жүрдік. Алматыға келерде таныстарымнан сұрап алған жол сөмкені арқалап тауға шығу қолайсыздау болғандықтан, тауға арналған рюкзак сатып алмақ болдым. Ол кезде мұндай кәсіби жабдықты тек стадион маңындағы «Хантәңірі» деп аталатын арнайы фирмадан сатып алатын. Мен таңдаған сөмке 99 доллар тұрады екен. Ақшам жетпеді. Әлгі фирма қызметкерлері сөмкені алу үшін соларда бір апта жұмыс істеуге болатынын айтты. Сөйтіп, сөмкені иемдену үшін шетелдік туристердің жүктерін тасыдым. Ол кезде альпинистердің көбі осылай ақша табатын. Жұмыс барысында солармен танысып, ақыры альпинизмге келдім.

«KazTransCom» ААҚ оңтүстік филиалының заңгері, «Қағазы трейдинг» ЖШС әкімшілік бөлімінің маманы, «Тайлан» АҚ» ЖШС заңгері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дыбыс операторы болған. Қазір ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскер спорт клубының спорт комитетінің қызметкері. Әскерлерді таудағы дайындыққа үйрету тобының жетекшісі. Әскери шені лейтенант.

Әлемде биіктігі 8 мың метрден асатын 14 тау бар, соның бәріне Мақсұт Жұмаевтың табаны тиген. «Дүниежүзіндегі ең қатерлі 14 шыңға шыққан 27 адам бар. Мен сол шыңдарға 12-ші болып шыққан жалғыз қазақпын», дейді өзі.

Айтуынша альпинизммен кәсіби түрде университет бітірген соң айналыса бастаған. Көп спорт түрлеріне қарағанда альпинизммен жастайыңнан айналысу керек деген қағида жоқ.

Ең бірінші шыққан шыңы — 1997 жылы Үлкен Алматы шыңы. Барлық альпинистің олимпиадалық алтын медалі – Эвереске шығу. Менде алғаш рет Іле Алатауына шыққан соң Эвересті бағындыруды армандадым, 2007 жылы мұны орындадым дейді.

Альпинизмге ең алғаш келгенде 6,7 мыңдық шыңдарды бағындырмастан, бірден 8 мыңдық биіктіктегі Шиша-Пангма шыңына шыққан (биіктігі – 8046 метр). 8 мың метр биіктікті бағындырған ең жас қазақстандық. Әрі 8 мыңдыққа шыққан ең жас альпинист саналады. Ол 8 мыңдық шыңға 23 жасында шыққан. Мұны әлі ешкім қаталамапты. Осы сапарынан соң, оны бірден Ұлттық құрамаға қабылданған. Сол кезде Қазақстанда «Қазақстан құрамасы – әлемнің ең биік шыңдарында» бағдарламасы болған. Бағдарламаның басты мақсатының бірі – Қазақстан имджін көтеру. Мұндай әлемнің бірде-бір елінде болмаған көрінеді. Қазақстан әлемде альпинистерден құрама команда жасақтаған бірінші ел. Бұл құрамада 50 альпинист болған екен. Оның 10-ы экспедиция барысында қаза тауыпты.

Аса биік болмаса да К2 шыңын 5 рет қатарынан бағындыра алмай, тек 6 рет барғанда шыға алдық дейді.
2003, 2005, 2007, 2009, 2010 жылдары бірде ауа-райы, бірде қалың қардың әсерінен мақсаттары орындалмаған. Ал, 2005 жылы таудағы лагерде шыңға өрмелейтін құралдарын ұрлап кетіп, шыға алмай қалыпты). Тау басында мұндай да қызықтар болып тұрады екен.

Шыңдарға қазақстандық альпинист Василий Пивцовпен бірге жұптасып шыққан.

Ең соңғы рет 2014 жылы Чогори шыңына (8611 м) шыққан. Сонымен альпинистік крьерасын аяқтаған.

«Альпинизм атақ та, даңқ та, байлық та бермейді. Тек оның берері жеңіскерлік сезімі. Тауға альпинистің керек-жарағынан бөлек, қасиетті Құранды, әкемнің фотосын, ойыншық арыстанды, Қазақстанның туын көтеріп шығамын. Ол ту менің бүкіл эспедицияма қатысқан. 8 мың метр биіктіктен асатын шыңға шығуға орта есеппен экпедицияға 2 ай кетеді. Ал тауға көтеріліп-түсуге бір аптадай уақыт жұмсаймыз. Қалған күндер дайындық жұмыстарына кетеді. Допинг сияқты қосымша қуат беретін заттардан альпинистер бойларын аулақ ұстайды. Спиртті медициналық көмек үшін аламыз» дейді ол.

Жары орыс ұлтының өкілі, ол да альпинист. Исатай есімді ұлы, Айлин деген қызы бар. Үшінші сәбиін күтіп отыр.

Мақсұт туралы 4 деректі фильм түсірілген. «Гималайский дуэт: Дхаулагири — Аннапурна», 2006, 18 мин, (Дворецкий/Жумаев/Пивцов). «Дотянуться до звезды», «Экспедиция „Клуба 7 вершин“ на К2», «Максут Жумаев. Рождённый быть горцем».

Әрі қарай