Астананың тұрақтандыру қоры жаңа азық-түлік түрлерімен толығады

Астана қаласының тұрақтандыру қоры жаңа азық-түлік өнімдерімен толығады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астананың тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алуды жалғастырады. Бүгінде онда қант, күріш және қарақұмық қоры бар.  Одан бөлек маусымдық көкөністер пайда болуы мүмкін.


«Азық-түлік өнімдерінің қандай түрін алу керектігін әкімдіктегі комиссия шешеді. Жуық арада комиссияның оырысы өтеді, сонда қандай өнімдерді алу керектігі шешіледі. Тұрақтандыру қорына маусымдық көкөністерді де алу жоспарлануда. Барлық өнімдер еліміздегі ірі өнім өндірушілерден сатып алынады. Оларға қойылатын басты талап, тауарды уақытылы жеткізу және сапа», — деді «Астана» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» АҚ төрағасының орынбасары Досбол Көшербаев.


Айта кетейік, бүгінгі таңда астаналық тұрақтандыру қорында 717 тонна қант, 70 тонна күріш және 39 тонна қарақұмық сақталған.


Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қоры 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде. Сатып алынатын азық-түлік тауарларының нақты тізбесі бойынша мемлекет қаржы бөледі. «Астана» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ тауарды белгілі бағада сатып алып, сақтауға қояды. Ары қарай әкімдік шешімімен тауар түрлері қала базарларына нарықтағы бағадан төмен бағамен шығарылады.


Астана әкімдігінде ең қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен калалық әкімдіктің кезекті жиынында ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты. 


Жиын барысында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Абдықадыров пен «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов көтеріліп отырған мәселе бойынша қаладағы қабылданған шаралар туралы баяндады.


Соңғы төрт жылда астанада инфляцияның орташа және өсім динамикасы тұрақты, 7,5 % құрағаны айтылды.  


«Біз аймақтар арасында баға деңгейінің өсуі бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл жақсы көрсеткіш», — деп мәлімдеді Ә. Абдықадыров.


Оның пікірінше, астанадағы жақсы көрсеткіш «Астана ӘКК» АҚ 2016 жылы іске асырған сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының арқасында жетіп отыр.


«Біз желілерге пайызсыз займ ұсынамыз, олар ақшаны өздерінің қажеттілігіне қарай алады және бағаны белгілейді, яғни біз олардың бағаны өсірмеу тәуекелін өтейміз. Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен нарықтық механизм», — деді ол. 


Бүгінге дейін «Астықжан» супермаркеті мен «КенМарт» гипермаркетімен әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Қойылған шартқа сәйкес, желілер 25 тауар позициясына баға белгіледі. Олар: макарон, май, ұн, сүт, қаймақ, тұз, ірімшік, жұмыртқа, тауық нан және т.б.


 «Осы жүйенің арқасында біз бүгінде өзге аймақтар арасында баға өсімі бойынша 8-ші позицияда тұрмыз. Енді осы бағдарламаны кеңейтіп, тізімде белгіленген тауарлар санын көбейткіміз келеді. Әрине бұған басқа да сауда желілерін тартамыз», — деді Н. Жақыпов. 


Айта кетейік, мониторинг бойынша бүгінде қаладағы сауда үйлерінде күріштің бағасы 240-тан 300 теңге аралығында түрленіп тұр. Ең төменгі баға күріштің бір килосы «Шапағат» базарында 240 теңге болып бекітілді. Қарақұмықтың бағасы («Шапағат» ЖШС 110 теңге, «Артем» СҮ 180 теңге, «Әсем» СҮ 150 теңге), макарон өнімдері («Шапағат» ЖШС бір келісі 270 теңге, «Артем» СҮ 320 теңге, «Әлем» СҮ 330 теңге), ұн («Шапағатта» килосы 210 теңге, «Артем» СҮ 360 теңге, «Әлем» СҮ 350 теңге  және «Әсем» СҮ бір килосы 280-300 теңгеден). Одан басқа, шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден арзан бағаға сатып алуға болады. Мысалы, шай арзан, бағасы шамамен 200 теңге. Бұл жерден сондай-ақ бір кило ет пен ет өнімдерін және де сүт пен сүттен жасалған өнімдерді 150-200 теңгеге дейін арзан сатып алуға болады.


«Мысалы, әрбір бесінші килограмм ет қаладағы «Шапағат» базарында сатылады екен. Себебі, онда қала бойынша ең төменгі баға – килосы 1350 теңгеден сатылады. Ал қала бойынша орта есептегі баға 1680 теңгені құрайды», — деді Ә. Абдықадыров.


Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

Астаналықтардың көңілінен шыққан, қалтасы көтеретін, қыс бойы сағынған ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталды, Қала тұрғындары сағынған ауыл дәмін мұнда төмендетілген бағамен сатып ала алады. «Думан» ОСО алдында елордалық, Ақмола және Қарағанды облыстарының жақын аудандарының 150 жуық жеткізушісі мен тауар өндірушісі азық-түлік өнімдерін ұсынады. Ал 29 сәуірден бастап әлеуметтік маңызды тауарларды Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жанынан да сатып алуға болады.

Астана жаңалықтары: Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

Жәрмеңкелер 8 қарашаға дейін әр жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-18.00 өткізілетін болады. Қазіргі кезде сатып алушылар Ақмола және Қарағанды облыстарынан әкелінген тауарларға өз бағасын беріп үлгерді.

— Біздің отбасымыз үлкен, дүкенге жиі баруға тура келеді. Жәрмеңкеде өнімдер қалалық базарға қарағанда арзанырақ, ал сапасы мен дәмі бірдей, — деді елорда тұрғыны Мария Кондрикова.

Жәрмеңкеде азық-түлік тауарларының 500 астам түрі сатылады – ет, балық, сүт пен шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б. Жалпы, 200 тоннадан астам тауар әкелінген.

Астана жаңалықтары: Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

— Біз әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баса назар аударамыз, олардың бағасы нарықтағыдан 10-15% төмен. Мысалы, қала бойынша картоптың орташа бағасы 65-70 теңге болса, мұнда — 55, қырыққабат — 250 теңге, бізде — 175. Қызанақ пен қияр бағасы 850 және одан жоғары. Ал жәрмеңкеде оны 700 теңгеге алуға болады, — дейді қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Риза Қайкенова.

Ауылдың сүр еті мен сары майын, балдай тәтті қымызы мен айранын сағынсаңыз, жәрмеңкеге келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әлемде аштықта өмір сүріп жатқандардың 60 пайызы Азия аумағына тиесілі. Сол себепті аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісімен байланысты нақты механизмдер жасау қажет» — деп айтқан болатын.

Азық-түлік адамдарға ауадай қажет болып табылатыны сөзсіз. Күнделікті азық алу үшін күніне қаншама адам сауда жасайды. Қазір бірі: "- азық-түліктің бағасы қымбаттады" — деп шырылдаса, екіншісі "-баға сол қалпы, осы күйінде қалады" — деген пікір айтуда. Әсіресе, бензин құны өскеннен кейін көп жұрт осыдан кейін бәрі қымбаттайды" — деп дүрлікті. Сонымен, Қарағанды қаласындағы 2-3 дүкендерді аралағандағы бағаны салыстырып көрген болатынмын.

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

Барлық азықты емес әрине. Соның ішінде көкеністердің бағасын салыстырсақ: «Абзал» сауда үйінде:
Картоп бағасы — 65 теңге;
Пияз — 68 тг;
Қызанақ Тапарлық — 176 тг;
Қызанақ — Қызылорда — 230 тг;
Қияр Тапарлық — 177 тг;
Қияр Миринда — 90 тг:

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

«City Mall» сауда үйінде:

Картоп — 255 теңге;
Пияз — 78 тг;
Қияр Тапар — 255тг
Қызанақ — 189 тг;

Блог - KerimAyankyzy: Қарағандыда азық - түлік бағасы қандай?

«ТАИР» сауда үйінде
Картоп — 61 теңге;
Пияз — 55 тг;
Қызанақ өзбек — 195тг;
Қияр Тапарлық — 125 тг;
Қияр Миринда — 150 тг;
Капуста — 82тг;
Сәбіз — 76 тг:

Осылай салыстыратын болсақ, «ТАИР» сауда үйінде азық-түлік бағасы әлдеқайда арзан екен. Ал, үй маңындағы кішігірім дүкендерді қарасақ. оларда үнемі сауда-үйіне қарағанда жоғары болады. Көкеністерден өзгелері де солай. Ал, ең төмен баға, әрине Базарда деп ойлаймын. Бірақ онда барып сауда жасауға көпшіліктің уақыты бола бермейді. Біздің жақта баға шамамен осылай, сізде ше?