Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қыркүйек айында А. Кравцов көшесі үйлердің аулаларында жаңа балалар алаңдары, спорттық тренажерлар орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы бұрынғы Целинный шағын ауданында 5 аймақта көріктендірілу жүрді. Олар: А. Кравцова 3, 7, 7/1, Пушкина 1 және Пушкин 3/1 мекенжайында орналасқан үйлердің жанында. Балалар алаңы жасанды көгалдармен жабылған.

Айта кетейік, Астанада мыңнан астам аула ішілік аумақ бар. Осы жылы 400 аула абаттандырылды. Оның ішінде Алматы ауданында – 203, Байқоңыр ауданында – 73, Есіл ауданында -10, Сарыарқа ауданында — 100. Онда балалар алаңдары, тренажерлер, шағын сәулет нысандары пайда болды.

Астана гүл қала болмақ

Астананың көркін келтіріп, реңін ашу үшін гүлзарларды безендіру маңызды шара. Биыл 162 288 шаршы м жерге гүл отырғызу жоспарланған, соның ішінде бір және көп жылдық өсімдіктер де бар, 25 мыңға жуық француз раушангүлінің көшеті егіледі.

Гүл отырғызу жұмыстары мамыр айында басталып, жалғасын тауып келеді. Жазда 147 мың шаршы м астам жерге гүлзар жасалады, соның ішінде «Алматы» ауданында — 50 436 шаршы м, «Есіл» ауданында — 80 999 шаршы м, «Сарыарқа» ауданында — 16 155 шаршы м. Гүлбақтарын, аспалы және стационарлық құмыраларды, кашполарды безендіру үшін 7 млн. 700 мыңнан астам бір жылдық гүл отырғызылады.

Астана жаңалықтары: Астана гүл қала болмақ

Сапалы гүлдермен қамтамасыз ету үшін «Астана-Зеленстрой» АҚ екі жылыжайда бір жылдық гүлдер мен төселмелі өсімдіктер көшеттерін өсіреді. Оның үстіне, № 1 жылыжай шаруашылығында кілем тәрізді өсімдіктердің түр-түрі бар. Атап айтқанда, альтернантердің екі түрі, седумның тоғыз түрі, цинерарий, эхеверия, қамыс, ирезине, сантолина, сенецио, бозот және т.б. Піл, керік, тасбақа, хоккейшілер, «Табиғатты аялайық» композициясы, жер шары, түйелер, құмыралар, футбол добы және т.б. тік жасыл фигураларды нақ осы гүлдермен безендірілген. Жалпы, 19 сәндік фигураға 643 мыңға жуық төселмелі кілем тәріздес өсімдік өсірілген.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

Жалпықалалық сенбілікке Астаналықтар белсенді қатысты. Соның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері де қалыспады. Дәрігерлер үшін жыл сайын сенбілікке қатысу өзіндік дәстүрге айналды. Сондықтан 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері, соның ішінде денсаулық сақтау ардагерлері қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға және тазартуға өз үлестерін қосты.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

«Адамның денсаулығы негізінен оның өмір салтына байланысты деген қағидатты ұстанып, қоршаған орта мен оны күтіп ұстаудың денсаулығымызға тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Жинаған жер емес, қоқыс тастамаған жер таза деп бекер айтпайды ғой. Сондықтан барлық қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз», — деді Астана қаласы денсаулық сақтау саласының ардагері Алтын Сүлейменова.

Сенбілік барысында 3500 қаптан артық қоқыс шығарылды, 5000 жуық ағаш пен 20 мың метрден астам жолдың жиегі әктелді. Бұл қорытынды нәтиже емес. Астанада экологиялық айлық 18 мамырға дейін жалғасатындықтан бұл көрсеткіш әлі де салмақты цифрлармен, тамаша нәтижелермен толығады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде

Естеріңізде болса, 23 сәуір жалпықалалық сенбілікке күні болып белгіленген. Бұл шараға қаланың барлық коммуналды қызметтері қатысады. Қазіргі кезде аудандарда ағаштар мен көшеттер отырғызатын орындар әзірленіп, гүлзарларды, көшелер мен гүлбақтарды тазалау, топырақ пен құм шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланы санитарлық тазарту және жерлерді гүл отырғызуға дайындау жұмыстары қолға алынды. Аудандарда барлық учаскелерде жұмыс істеу кестелері жасалып, жауапты тұлғалар анықталды.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде

— Сенбілікке дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 2200-ге жуық ірі ағаш, соның ішінде, қарағай, шырша, қайың отырғызылады. Бұдан басқа, үш ауданда 13 900 көшет егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, мойыл, шегіршін, шетен және долана. Биыл бір күнде 16 мың ағаш отырғызылады, — деді «Астана — Зеленстрой» АҚ төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Елордада Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылады, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінеді.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде
Айта кетейік, биыл қаланы жинау мен көгалдандыру жұмыстарында шағын механикаландырылған машиналар пайдаланылатын болады. Оның басты басымдықтарының бірі ықшамдылық пен салмағының жеңіл болуы, бұл кеспе тастар мен жолдың жиектерін байқап тазалауға мүмкіндік береді.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке дайындық жүруде
Мұнымен қоса, биыл бір жылдық гүлдер аз отырғызылады. Олардың орнына елордада көп жылдық гүлдер, соның ішінде раушангүлдер мен қызғалдақтар егіледі.

Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын жерге 25 мың бірлік француз раушангүлі отырғызылмақ. 2016 жылы жалпы ауданы 162 288 шаршы метрлік жерге гүл өсіріледі.

Қала әкімдігі тұрғындарды елорданы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосып, алдағы сенбілікке қатысуға шақырады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда

Астанада тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама сәтті іске асуда. Былтырдғы жылдың өзінде 50 астам аула абаттандырылып, балалар ойыны, спортпен шығылдануға арналған құрылғылар орнатылды. Биыл Астананың 30 астам ауласы абаттандырылады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Аталған бағдарлама аясында жол жабыны ауыстырылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері орнатылады, көлік қоятын орындар жасалады.

Биыл «Сарыарқа» ауданында 19, «Есіл» ауданында 7 ауланы абаттандыру көзделген. «Алматы» ауданында көп қабатты тұрғын үй секторындағы 16 үйді қамтитын 10 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, 11 балалар ойын алаңы, 3 спорт және 5 гимнастика алаңы жасалады, 56 тренажер, 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық орнатылып, 8 күрке, 8 кір жаятын орын дайындалады. Сонымен қатар, 12 801 шаршы м аумақта асфальтбетон жабыны жөнделеді, ал 4 465 шаршы м аумақта қайта төселеді.

Астана жаңалықтары: Аулаларды абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада абаттандыру бағдарламасы аясында 41 аула мен 12 аула аумағы абаттандырылды. Жөндеу жұмыстары аясында аулаларда қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, «Есіл» ауданында спорт және ойын алаңдары жасалды, бұзылған шағын архитектуралық пішіндер, спорттық снарядтар мен тренажерлар, сәндік қоршаулар қалпына келтіріліп, ауыстырылды, балалар алаңдарына жарақат алуға жол бермейтін қауіпсіз резеңке жабындар төселді.

Астана келбеті тек жаңа құрылыс нысандарымен ғана емес, тұрғын үйлердің тамаша аулаларымен де ажарланып келеді. Бұл бағдарлама тек Елордамыздың көркін ғана ашпайды, сонымен қатар астаналықтардың салауатты өмір салтын ұстануға да септігін тигізетіні анық.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады

Биыл алғашқы экологиялық сенбілік 23 сәуірде басталмақшы. Елорданы тазарту жұмыстарына 80 астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

Жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатыспақ. Осы күні сенбіліктермен қатар, Астананың үш ауданында 1000 жуық ағаш отырғызлмақшы.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам адам қатысады
astana.gov.kz сайтының мәлімдеуінше сенбілікке 300 астам арнайы техника, әсіресе, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» және мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды жинап, ағаштардың бастарын кеседі, қоқыстарды жинап, шығарады. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Елордамыздың сәнін келтіріп, көркеюіне үлес қосу әрбір астаналық парызы деп ойлаймыз.
Әрі қарай