Зұлымдық мейрамы
Соңғы жылдары жастардың Батысқа еліктеуі белең алып бара жатыр. Қоғамның рухани жұтаңдап, ұлттық құндылықтардан қол үзіп бара жатқанын осыған дейінгі мақаламда да айтып өткенмін. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші өзге елдің салты өз идеологиясын, өз құндылықтарын жастар санасына сіңіретінін есте сақтаған дұрыс.Сараланып келіп, салтымыздан орын алғысы келетін Хэллоуин мейрамы жайлы сөз қозғайық.
Қазанның 31-нен қарашаның 1-іне қараған түні әлемдегі барлық адамдар АҚШ пен Канаданың соңынан еріп, бүгінде мәні мен мағынасын көбі түсіне бермейтін Хэллоуин — пұтқа табыну мерекесін атап өтуге дайындалады. Хэллоуин АҚШ-та Рождестводан кейінгі орында тұрған, халық жаппай тойлайтын мейрамдардың бірі. Бұл мерекенің тарихына үңілсек, ол сонау христиандық дәуірге дейінгі кезеңнен қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ Францияның аумағында өмір сүрген кельт атты халықтың ескі жылмен қоштасып, жаңа күнді қарсы алу түні екен. Хэллоуин сөзінің мағынасы «мереке қарсаңындағы күн» дегенге саяды. Олай дейтін себебі, ІХ ғасырда ІІІ Папа Григорий барлық әулиелер күнін тойлауды 13 мамырдан-1 қарашағаауыстырады. Мереке қарсаңындағы күн (31 қазан) деп аталған. Яғни, бұл күн қайта тірілетін әулиелерді қарсы алуға дайындық күні. Уақыт өте келе Хэллоуин жынойнаққа айналды. Ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан түрлі бейнедегі шамдар жасап, сөйтіп қайта тірілген өлілер кейпіне еніп, үй-үйді аралап тәттілер сұрайтын дәстүр болып кеткен.
Ал енді біздің мемлекетіміздің тұрғысынан алып қарасақ, не діни мереке жатпайды, не ұлттық мерекеге жатпайды, не мемлекеттік мереке емес. Дегенмен, Хэллоуин мерекесін тойлау індет болып бара жатыр. Ал індет дегеніміз мысқалдап кіреді де, батпандап шығады. Кез-келген аурудың қалай кіргенін байқамай қаламыз, бірақ одан арылуымыз қиынға соғады. Бұл індеттің салдары ерекше ауыр, әсіресе ұрпақ тәрбиесі алдында. Өзімізден кейінгі ұрпақтың алдындағы жауапкершілік жат нәрсенің бәрін «жаңашылдық» демей, санамен саралауды қажет етеді. Сондықтан, бұл жынойнақ мейрамына қарсымын. Бірақ басқаның қалауына қарсы шыға алмаймын. Қынжылтатыны бір нәрсе, тек қана береке мен бірлікті, жақсылықты, сыйластықты уағыздайтын, оның үстіне ұллтық, мемлекеттік, діни дәрежесі бар мерекелердің осы шетелдік зұлымдық мейрамының көлеңкесінде қалып бара жатқаны…