Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

Блог - Atynay: Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыландыХалықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

V халықаралық Фараби оқулары аясында “Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ)” атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференция «Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері», «2018 жылдың медиа-трендтері», «ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары» бағыттарын қамтып, «Онлайн-білім беру үдерістері», «Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика» «Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера», «Медианы роботизациялау», «Постшындық кезеңі және контентті тексеру», «Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі», «Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер» тақырыптарында өрбіді.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған жиын жұмысына сәттілік тіледі. Журналистер даярлаудағы өзекті мәселені кең әрі ашық талқылау білім беру және медиа саласындағы сарапшылардың өзара тәжірибе алмасып, мәселені бірігіп шешуіне ықпал етері даусыз деген сенім білдірді.
Конференция модераторы ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова ақпараттық контентті сауатты қалыптастырып, тілдік және құқықтық тұрғыдан біліктілік танытатын мамандар даярлаудағы өзекті мәселелерді ойталқыға салатын ғылыми жиынның маңыздылығын атап өтті. «Халықаралық журналистика» мамандығының өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қатысушыларды алдыңғы өткізілген екі конференцияның қорытындыларымен таныстырды.
Одан кейін сөз алған Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов БАҚ дамуындағы жаһандық тенденцияларға байланысты баяндамасында БАҚ еркіндігі, плюрализм, журналистердің тәуелсіздігі және қауіпсіздігі саласындағы жаңа тенденцияларға сыни талдау жасады.
БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек БАҚ дамуындағы Қазақстанның елеулі әлеуетін атап өтті: «Біз, әрине, журналистиканы оқыту бойынша технологиялық, халықаралық стандартқа негізделген бағдарламалардың енгізілуі мен қолданылуындағы үдерістерді қолдаймыз. Әлемдік стандарт бойынша жұмыс атқаратын қазақстандық журналистер жаһандық ақпараттық кеңістікте шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті болады».
Қазақстан журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев журналистер даярлаудағы білім беру үдерісінің сапасы мен деңгейін қатаң бақылау қажеттілігіне тоқталды.
Жиында баяндама жасап, өзекті ойларын ортаға салған профессор Ләйлә Ахметова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев, осы ұйымның жаңа медиа-кеңесшісі Анна Сукачева, заңгері Ольга Диденко, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы, Factcheck.kz редакторы Думан Смақов т.б. журналистер даярлау ісін үнемі жетілдіріп, әлемдік стандартқа сай сапалы даярлау қажет деген ортақ пікірге тоқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

«Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?» II Халықаралық интернет-форумы

19Керек тілші: «Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?»  II  Халықаралық интернет-форумымаусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.
Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 14 нысанды аймақтың коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.
Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.
Әрі қарай