Өлім алдындағы фото
Филиппиндік 35 жасар саясаткер Рейнальдо Дагса Жаңа жылдың алғашқы минуттарында отбасы мүшелерін фотоға түсіріп жатқан еді. Алайда ол машинаның артынан оған тапанша кезеген адамды көрмей қалған. Суретті түсіргенен кейін Дагса атылған оқтан көз жұмды. Өлтірген адамның суреті де кадрге кірді. Өлтіруші жақында Дагса тарапынан ұстатылған машина ұрысы Михаел Гонзалес екен. Осылайша ол кек алмақшы болған. Полиция фото қолдарына түскенен кейін қылмыскерді ізін суыптай ұстап алыпты.