Жылдам теру Speed Dial

Браузерлер жылдамдығы жөнінен бірдей, айырмашылығы жоқ деуге болады.Сондықтан көбіне қолданушылар тек қолайлылығына қарай таңдайды. Оның ішінде Firefox-ты ыңғайлы және оның сансыз мүмкіндігін кеңейтетін қосымшалары арқылы қолданыста. Сол Firefox-қа қажет бір қосымшасы туралы керек ақпарат бере салайын дегенмін.

Опера браузерінің басты ерекшелігі — ондағы Экспресс-Тақтасының болуы, яғни жиі «бас сұғатын» интернет ресурсына жылдам қатынау, және де үнемі сақтауда көмегі көп. Яғни үлкен суретті сілтемені нұқу арқылы. Егер сіз Firefox қолданушысы болсаңыз саспаңыз, сізге осы сияқты, тіпті одан ыңғайлы қосымша орнатуыңызға болады. Ол үшін жай ғана — Speed Dial қосымшасын орнату қажет.



Операда олардың саны шектеулі болса, мұнда қалағаныңызша бірнеше қосымша бетке топтарға бөліп, әртүрлі түсте параметрлерін баптай аласыз.

Бұл тақта әрбір бетте, терезеде ашылатын болады. Сондай-ақ Файл-Қосымшалар қоржынынан баптау жүргізуге мүмкіншілік бар.
Әрі қарай