Супербаха. Трейлер.

Суреттеме: Екі дос, Асқар мен Баха спортшылар сияқты шымыр да күшті болуды армандайтын. Бірі дүкенде сатушы, екіншісі қарауыл болып жұмыс істейтін, күнделікті күйбің тірліктен және бұзақылардың қоқан лоққысынан жалыққан олар фитнес-клубқа жазылмақ
Әрі қарай

Тюльпан

Блог - qisyq: Тюльпан

— Прінс әфрікандық па?
— Американский, ата.
— Мақұл, мақұл, мақұл… ТҮЛПӘӘН!

Фильмнен


“Тюльпан” фильмі – үйге “Адасқандардың” артынан келген кино. Сол баяғы екі жыл бұрын елдің емешегі езіліп көріп алған, ал мен көре алмай қалған, жұрттың аузында жүрген отандық фильмдердің бірі. Қарадым. Ой қорыттым. Енді Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай

Одминнің сүйікті актері

Админнің жақсы көретін (қателеспесем) актері Төлепберген Байсақалов жақында ресейлік «Елки» фильмінде көрініп қалды. Якут таксист болып ойнайды.

Сондай-ақ, Байсақалов желтоқсан айында шыққан Трубадур фильмінде басты рөлде ойнады.
Әрі қарай