Құдіретті өнер түркі халықтарының басын біріктірді.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ақын Құрал Көмектің “Сенім жеңісі” мен “Баба рухы-Гольфстим ағысы” атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Сондай-ақ, Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нур Даутовтың “Дүние түріктері
Әрі қарай

Тәуелсіздік - балалық арманым

Блог - asaubota: Тәуелсіздік - балалық арманым
Тәуелсіздік алған жылы 10 жаста едім. Отбасымызбен спортты ұнататынбыз. Қай спорт түрі болсын Қазақстан командаларының бәріне болысатынбыз. Біз үшін Қазақстан құрамасы футболдан Алматының Қайраты, волейболдан АДК, хоккейден Торпедо Өскемен, допты хоккейден Динамо еді. Әлемдік жарыстарда қазақтар аз шығатын, қазақ бар ма екен деп қарайтынбыз. Тәуелсіздікке сол кездері Қазақстанның өз байрағымен, өз адамдарымен шығатынына қуандым. Тәуелсіздіктің сол кездегі мәні мен үшін тек спорттық тұрғыда еді. Сол жағынан есімде қалыпты.

Кейін мектепте өз тарихымызды оқи бастадық, өз тұлғаларымыз пайда бола бастады, өз тілімізге мән беріле бастады, тек спорт емес саясат, мәдениет, өнер және басқа салаларда да көк ту желбірей бастады.

Тәуелсіз Қазақстанмен бірге біз де өсе бастадық. Тәуелсіздіктің қадірін түсінетін жастамыз. Баянды болсын Тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздікті сақтау, кейінгі ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз болсын. Мереке құтты болсын замандастар!
Әрі қарай