БҰҰ-да қызмет атқаратын білікті қазақ

БҰҰ құрамында еңбек еткен қазақтан шыққан тұңғыш ерікті жайлы естуіңіз бар ма? Естімесеңіз таныса отырыңыз. Оның есімі – Телжан Жүнісбеков.
Ерікті деген кім? Кімдер ерікті бола алады? Олардың қызметі қандай? Бұл туралы қазақтан шыққан тұңғыш еріктінің өз аузынан естіп көрелік.
– Ерікті болу күндіз-түні жұмыс істеу деп түсінетіндер бар. Бұл – қате ұғым. Әрбір азамат, маман иесі ерікті ретінде БҰҰ-да жұмыс істеуіне құқылы. Өйткені, ол өзінің жинақ¬таған тәжіри¬бесін жергілікті халыққа көмек ретінде көрсете алады. Мысалы, біз жер¬¬г¬ілікті халықты дәрі¬герлікке, м嬬ди¬цина ісін ұйымдастыруға үйретіп, баулы¬дық. Кей¬де нау¬қасқа опе-рация жасау қа¬жет пе деген мәселе туа¬ды, сон¬дай кезде ке¬ңес бердік. Жергі¬лікті дәрі¬герлерге білім бердік, талай мамандарды бау¬ли отырып, тәжіри¬бемізді көрсе¬ттік. Соның арқасында сен кімсің, қайдан келдің, қайдан шықтың, қай ұлт өкілісің деген мәселе тұрады. Осы жерде қазақты таныта білу – менің азаматтық борышым әрі басты мақсатым болды, – дейді Телжан Жүнісбеков.
1946 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген азамат Алматыдағы мемлекеттік медициналық институтты тәмамдаған соң еңбек жолын осы шаһардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған ауруханадан бастайды. Одан кейін Алматы клиникалық ауруханасында ортопедия хирургі ретінде қызмет атқарады. БҰҰ еріктісі ретіндегі алғашқы қызметін 1995 жылы Бурунди мемлекетінен бастайды. Сол елдің астанасында жүріп соғыстан жарақаттанған жандарды сауықтыру ісімен шұғылданады. Үш жыл өткенде БҰҰ қызметін мінсіз атқарған қазақ баласын Руанда мемлекетіне жұмысқа шақырады. Руандадағы жоба аяқталғасын Конго елінде бір жылға жуық қызмет істеп, Австралия мен Ин¬донезияның ортасында орналасқан Шығыс Теймур мемлекетіне жұмыс ауыстырады. Бүгінде білікті дәрігер Африканың Піл сүйегі жағалауы елінде қызмет атқаруда.
Әрі қарай