Қазақстандағы "Өлі көл", демалу тегін!))

Блог - vebred: Қазақстандағы Өлі көл, демалу тегін!))

Сонау Нарынқолдың Қарасаз ауылынан ары 10 шақырым жерде «Тұзкөл» аталатын шағын көл бар.
Жағрафиялық немесе «саяхатшылар» тілімен айтсақ, ол Алматының оңтүстік -шығысында шамамен 310 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұл еліміздегі құрамында тұзы ең мол көл. Оның тұздылығы Израильдегі "Өлі көлдің" тұзымен шамалас.

Ғалымдар тіпті бұл көлді: "Әлемдік топан судың болғандығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ" деп отыр. Мүмкін, болса-болар!
Сонымен, көлдің ерекшелігі неде?

Біріншіден: ол суға шомылсаңыз батпайсыз, тіпті сүңгу де қиын, өйткені судың құрамы тым тығыз. Көлге шілде, тамыз айларында ғана шомылуға болады. Өйткені су салқын.

Екіншіден — емдік қасиеті. Денеңіздегі түрлі жарақаттардан тез айығасыз.
Үшіншіден — "Өлі көлдің" құрамымен шамалас бұл көлден Израильге барғандай әсер алмасаңыз да, "Өлі көлге шомылғандай" қуат аласыз!

Төртіншіден- батпағы. Алматы маңындағы санаторийлердің барлығы да осы көлдің батпағын емделушілеріне ұсынады.
Жарнамасын асырдым деп айта алмаймын, дегенмен жазғы демалыста салқын әрі тыныш жерде бір-екі күн жүргіңіз келсе таптырмас орын!

Айтпақша, күн ашық күндері, сонадайдан «Хан Тәңірі» мен мұндалап анық көрініп тұрады!

Барғыңыз келсе, жекеге хабарласыңыз! Жатын орын, тамақ, қымызбен қамтамасыз етуге көмектесем, әрине қосымша ақыға)))

Қосымша мәлімет, мына тұста: maxala.org/kazahstan/33045-v-yuzhno-kazahstanskih-gorah-issleduyut-unikalnoe-solenoe-dopotopnoe-ozero-tuzkol.html#.VZX2CPntmko
Әрі қарай