Түркия Супер Лигасынан

Түркия Супер лигасында бүгін жиырма тоғызыншы аптаның ойындары ойналып жатыр. Кеше Бешікташ Анкаракүшімен тең ойнады. Бүгін Фенербахче Газиантеппен ойнайды. Газиантеп қазір төртінші орында. Галатасарайды Кубоктан айырғаны бар, дәлірегі ширек финалға жеткізбегені, осал команда емес. ИншАлла Фенерді де чемпиондықтан алыстатады деген үміттеміз. Ертең Бурсаспор мен Трабзонспор. Трабзонның Бурса мойнын иеді-ау деген таудай үміті бар еді, Бурса жақтан әзірге ондай ишарат келмеді. Өткен жылы Бурсаның чемпион болуында осы Трабзонның үлкееен пайы бар екенін айтқанбыз. Сондықтан осы жолы ағымдағы чемпион жақсылыққа-жақсылық қыла ма десек, футболшылары: Біз Трабзонспорға борыштар емеспіз, болсақ та оны Фенермен матчта өтеп тастағанбыз, — дейді. Рас, Фенердің екінші жартыдағы жеңіс сериясына жалғыз Бурса ғана өзгеріс енгізе алған болатын. Жеңбесе де тең ойнап.
Сонымен, қазір сағат жетіде Фенер-Газиантеп, ертең жетіде Бурсаспор-Трабзонспор матчы. Ал Галатасарай Манисаспормен дүйсенбі күні ойнайды.
Әрі қарай

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр

Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр. Қазір бірінші орында Трабзонспор, ал екіншіде одан екі ұпай айырмасымен Фенербахче. Фенербахче гол санымен өткен аптаға дейін көш бастап келе жатқан-ды. Бурсаспор тең ойнап оларды маңызды екі ұпайдан айырды. Бірақ бұл Фенербахченің соң сынағы деуге болады, өйткені ол мықтылардың бәрін жеңген-ді. Алдағы аптадағы қарсыластарын онша азулы деуге келмейді. Ал Трабзонспордың бүгін Галатасараймен, онан кейінгі апталарда Бурсаспор, Газиантепспор, Ескішехирспормен кездесуі бар. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады деген, Галатасарай үсті-үстіне жеңіліп, қазір он үшінші орынға тұрақтады. Һәм Кубоктан, һәм чемпиондықтан үміті үзілген Галатасарайдан жанкүйерлер тек Фенерді жеңуді өтініш қылып еді, амал қанша, ойын Галасатарайдың басымдығымен өткенімен нәтиже көңіл көншітпеді. Мұнан кейін Галатасарайдың басынан Хаджи кетіп тынды. Әрине, көрген адам Фырат Айдынустың Фенербахчеге бүйрегі ашықтан ашық бұрғанын байқамай қала алмас еді. Бірақ, болған іс болды. Бүгінгі Трабзонспормен ойналатын матчта Галатасарай жеңісті өз қолымен Трабзонға береді деп күтілуде. Әрине, жеңсе өзіне жақсы, жеңбесе Трабзонға жақсы. Егер Трабзон бүгін ұпай жоғалтса, жағдай қиын. Бурсамен ойналатын матчта Бурса жеңісті беруі де мүмкін, бермеуі де. Өткен жылы Бурсаны чемпион еткен дәл осы Трабзонспор-тұғын. Фенермен соң минутқа дейін тіресіп, ұпайдан айырған. Сондықтан Бурса жақсылық қылып, беруі ғажап емес. Бірақ өзі биыл тағы да чемпиондықтан үмітті болғасын, бермесе таң қалмаймыз. Әрине, Трабзонсор: Жеңісті бізге бере қойшы,-деп тіленетін команда емес, былай да басымдықпен алуы мүмкін.
Фенерді Трабзон өткен жылы Кубоктан да айырған-тұғын. Сондықтан биыл Фенер ТС-ның алдын орау үшін аянып қалмайтыны анық.
Қалай десек те, бүгінгі ойын-шешуші ойындардың бірі. Өз басым Трабзонның жеңгенін қалап-ақ тұрмын, бірақ Галатасарайдың тағы да ұпай жоғалтатынын ойласам жүрегім ауырады.
Әрі қарай