Жаңаөзен қаласының атауын не үшін өзгертпек? Сескенеді-ау, сірә?! ...

Жаңаөзен қаласыСөздігімізде «Жаңаөзен оқиғасы» деген «аты дардай» тіркес қалыптасты. «Мен Жаңаөзендікпін» десе, жұрт үрке қарайтын болды. «Не істемек керек?» Көптен толғандырған сұраққа «Жаңаөзендік» қариялар жауап тапты: «Жаңаөзен қаласының атауын «Бекет ата» деп ауыстырамыз...». Бүгін Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қарттары басшылыққа осындай ұсыныс жасады. «Мезі болған» ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинады. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Тиісінше, Жаңаөзен қаласын «Бекет ата» деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады.
Ал, «Бекет ата» деген кім? «Бекет ата» – дінтанушы ғалым, көне дәуірдің өзінде-ақ математика, медицина, астрономия ілімдерін зерттеген. Ағартушылық ісімен айналысып, сәулет өнерінде де өшпес із қалдырды. «Бекет ата» салдыртқан жерасты мешіттері әлі күнге дейін сақтаулы.
«Өткеннің жәдігерлерін тамашалау үшін Ресей, Қытай, Франция туристері үнемі келіп тұрушы еді, «Жаңаөзен оқиғасынан» кейін күрт сейілді», деп те қалды кеңеске жиналған ақсақалдардың бірі. Сескенеді-ау, сірә?! ...
Әрі қарай