Медицина саласындағы озық ІТ үлгісі - "СҚ-Фармация"

Блог - asaubota: Медицина саласындағы озық ІТ үлгісі - СҚ-Фармация

Жақында «СҚ-Фармация» компаниясының шақыруымен дәрі-дәрмек сатып алу тендеріне барып қайттым. Одан кейін компания басшылығы және ІТ маманымен кездесіп, осы саладағы тәжірибелерімен таныстым.

Блог - asaubota: Медицина саласындағы озық ІТ үлгісі - СҚ-Фармация
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымындағы «СҚ-Фармация» — бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік секторлардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі бағыттары:

— Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу жөніндегі ашық сауда-саттық ұйымдастыру;
— Тиісті дистрибьюторлық тәжірибелер және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру;
— Мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасы үдерістерін ұйымдастыру;
— Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және жеткізуші логистикасы үдерістерін біріктіру үшін, айналым, тауарлық қалдықтар туралы өзекті ақпарат алу үшін ақпараттық жүйе құру.

Блог - asaubota: Медицина саласындағы озық ІТ үлгісі - СҚ-Фармация

Компанияның негізгі мақсаттары мен функциялары осы. Ал енді мен танысқан ІТ қызметтеріне келетін болсақ.

Онлайн-тендер
2017 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік өтінімдер ашу рәсімін онлайн өткізді. Яғни, Youtube арқылы тендердің әр кезеңін онлайн-трансляция жасайды. Онлайн көре алмағандар үшін компанияның каналында барлық видеолар сақталып тұр. Тендер өткізудің мұндай тәсілі басқа компанияларға да үлгі боларлықтай деген ойдамын.

EFIS жүйесі
EFIS — компанияның ішкі байланысы, құжатайналымы, тапсырыс қабылдау және мердігер компаниялар мен денсаулық сақтау мекемелерімен байланыс жүйесі. Қағаз құжатпен қатар қазір электронды айналым да жүріп жатыр екен бұл компанияда. Алайда, алдағы уақытта тек қана электронды жүйеге көшпекші. Осылайша қағазбастылықтың кесірінен уақыт және күш құртпайтын болады, шығындар да азаяды. Ішкі есеп бойынша 150 млн беттік құжат айналады екен. Шыныменен қай салада болмасын қағаздан компьютерге өтетін уақыт әлдеқашан келді.

Дәрі іздеу жүйесі
«СҚ-Фармация» дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін барлық денсаулық сақтау мекемелері бойынша қай дәрінің қанша мөлшерде қалғанын қарай аласыз. Мәліметтер ай сайын жаңарып тұрады. Ешқандай мекеме сізге берілуі тиіс дәріні «жоқ» деп айта алмайды. Немесе сіздің емханада жоқ дәріні жақын маңдағы қай емханада бар екенін тауып, сол жақтан алдыртуға болады. Іздеу фильтрациясы жақсы жасалған. Дәріні нақты бір қала бойынша немесе өзіңізге керекті емхана бойынша да іздей аласыз. Табылған дәрі қай мекемеде бар екені, оның мекенжайы, картасы, байланыс мәліметтері және дәрі туралы барлық ақпарат толығырақ берілген. Іздеу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.portal.efis.kz/remainders/

Форум
Бірыңғай дистрибютерліктің жұмыстарын талқылау, ұсыныстар беру және басқа да кері байланыс үшін форум ашылған. Фидбэк үшін интернеттегі байланыстың осындай ескі түрі әлі де актуал. Юзабилити тұрғысынан да ыңғайлы әлбетте.

P.S Компания дәрі-дәрмек және медициналық құрал шығаратын 25 қазақстандық зауытпен жұмыс істейді екен. Қандай компаниялар екенін, өнімдері мен бағаларын көргіңіз келсе «СҚ-Фармация» сайтындағы прайс-листтен қарай аласыз: sk-pharmacy.kz/kaz/
Әрі қарай