Служебный роман. Ремейк. Бұндай да боқ фильмдер болады екен ә?

Осыған дейін де әңгіме қозғалған көркем фильмнің атына кір келтіру деп ұқтым. Ылғи көргенсіздік пен үйлеспей қалған еліктеушіліктерден тұрады. Әңгіме не туралы дейсіздер ме? «Служебный романның» жаңа заманғы ремейкі туралы.
Бұған рецензия жазып та
Әрі қарай

Жұмыстағы махаббат


Кеше кеште үйде бір киноны іздеп отырып, «Служебный роман» дискісіне көзім түсті. Тағы да көргім келіп кетті. Оны байқаған кемпірім де: «Шай қояйын ба?» деді. Әдетте, екеуміз осындай отбасыға арналған киноларды ноутбукпен жерге жатып, жерге журнал төсеп, үстіне бір бокал шай мен тәттілер қойып, рахаттанып қарайтынбыз. Қазір де сондай «романтикалық» жатыстың болатынын болжап сұраған түрі.
Әр көрген сайын бірінші рет көргендей сезім береді бұндай кинолар. Шаттана күліп, әртістермен бірге ойнап жүргендей немесе керісінше экран ішіндегі адамдар қасыңда жүргендей реал күй кешесің.
Осындай кештер күндізгі қауырт тірліктен кейін кәдімгідей демалыс сыйлайды. Тынығып, өмірге құштарлығың қайта оянып, онымен қоса кемпіріңе сезімдерің қайтадан ашылып, бір рақат көңіл-күймен ұйықтайсың. Таңертеңгі ит тірлік пен жұмыстағы тігілістер есіңнен шығып кетеді. Күчт.
Әрі қарай