Астана Операда Шуберт әуендері орындалады

«Астана-Опера» музыкадағы романтизм стилінің негізін салушы Франц Шуберттің 220 жылдығын атап өтеді. 21 маусым күні «Музыка және оны жасаушы» циклі бойынша «Кешкі серенада» концерті театрдың камералық залында өтеді.
Астана жаңалықтары: Астана Операда Шуберт әуендері орындалады

Ф.Шуберттің австриялық ұлттық фольклорына негізделген музыкасы ХІХ ғасырдың еуропалық классикадағы романтизмнің ең үздік үлгісі болды. Кешті жүргізуші – музыкатанушы Сәуле Маулетова.

Ф.Шуберт шығармасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-сопрано Айгүл Ниязова, сирек кездесетін контртенор дауысына ие Батыржан Смақов және де талантты музыкант-аспапшылар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мақпал Бекмағамбетова, Нығметолла Каримов, Асқар Мұқанов, Анатолий Якушкин, Раушан Бескембирова, Салтанат Ақбасовалар орындайды.

Сонымен қатар, Ф.Шуберттің белгілі шығармалары: «Аққулар әні» жинағынан «Серенада», «Гретхен ұршықпен», Вальтер Скоттың «Көл аруы» поэмасынан Эленнің үш әні шырқалады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Серенада

Өзі соңғы апта «жүдеу де жүдеумен» өтті.
Барлығыңызға демалыс құтты болсын! Алдағы жұмыс аптасы сәтті болсын!
«Типа» әсемдеулерді бітірдім. Ал енді негізгі мақсатқа өтейін! Түңгі 3те қайдан лағып жүр мынау демеңіздер
Менің жағдайым тек қана @Gastarbaiter-дің басына түскен шығар! Әйтсе де өзінен жекеде кеңестер күтем деп қояйын!
Мен оны көргеніме біраз уақыт болды! Мен оны әлі толық білмеймін! Ол да мені аса жетік тани білген жоқ! Әйтсе де оның керемет қыз екендігінде күмәнім жоқ!
Жалпы, Латын Америкасы жігіттерінің арасында мынадай салт бар! Олар ұнатқан қызының балконының алдына барып серенада айтады да қыздың жауабын күтеді.
Әрі қарай