Сенің атыңмен...
Білесің бе, сенің атыңмен атар едім бүгінгі күнімді. Ойымнан кетпейсің, әдейі жасадың ба, білмеймін, қалайша ойыма кіріп кеткенімді білмеймін… Білмеймін, бұдан кейін сұлулықты сұлулық деп атай аламын ба?! Әлде, сенің атыңмен атау кереметті толықтай жеткізеді ме?! Білмедім… Күннің бұзылғаны, тоқтағаны пойыздардың, ұшақтардың үнсіздігі, қыстың суығы да сенің көз жасыңдай мені мұңайта алмас. Ұғынасың ба?! Мұңлы дидарларды көргенде сенің сол бір құса болған жанарыңды еске аламын да, өзім де өмірден жоғалардай күн кешермін… Өмірден жоғалардай… Құдай-ау, сен адамдар арасында тартылыстың барына сенесің бе? Әйтпесе, оның жасқа толы жанарын көргенде мендік жүрек неге кеудеден ұшардай болады?! Кеуде, осы бір кеуде соңғы кезде жиі шаншитын болыпты. Егер де мұңын соншалықты ауыр болса өзің үшін емес, менің байғұс көңілім үшін сәл де болса жымиярсың…
Жымию… Сенің жымиғаныңнан жиырма жылым мәнсіз өтпегендей түсінемін. Түсінемін, жақсылықтың бар екенің, адамның да жылуын бөлісе алатынын. Ал солтүстік азаматтары үшін бұл қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті шығар… Сен баурап аласың, жаныңа жақындаған әрбір азаматты. Ессіз сенің соныңнан ере бастаймыз. Сірә, ғасырлар боцы аудара алмай жатқан «харизма» сөзі сенің атыңмен аударылуы керек-ау. Ал, қытай да, қатар да, араб та, түркі де, тіпті еуропалықтар үшін де сенің есімін нәзіктіктің символы болады-ау… Сенің атыңмен өз қызымды да атар ем, саған тартсын деп, бірақ, анасы сендей болмаса ол ісім де бекер. Күн сайын сені еске түсіреді ғой ол сосын. Жылатып, өткен күнге оралтып… Мен мүлдем жылауық адам емеспін. Білесің бе, керісінше, күн сайы қатты болуды үйренудемін. Бірақ, мендегі бар суықтық, мендегі бар салмақтылық сенің есімің естілгенде тоқталады… Егерде сенің атыңмен қала аталса мен ол қаладағы ең ессіз адам атанар ма едім…
Әрі қарай